БІЛІМ КҮНІ

Білім күні – еліміздегі барша студенттермен оқушылардың айтулы мерекесі. Қоңыраудың сыңғырын естіп, ұстаздармен қауышып, бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын күн. Міне біз, яғни бірінші курс курсанттары Академияның салатанатты жиынына қатысып, құдды бірінші сыныпқа келгендей күй кештік. Жаңа өмірмен, жаңа қадам басқанымызды, жанымызда ұстаздар емес, офицер мырзалар барын, және өзімізден басқа да курсанттарды көріп, ерекше сезімде болдық. Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Тулегенұлы Қаппасов курсанттарды оқу жылының басталуымен құттықтап, белсенділікті арттыруды, оқу орынының туын биікте ұстауды атап айтып кетті. Бізге қанат бітіріп, алдымызға қойған мақсатқа себепкер болған сәт ол-полиция қатарындағы курсанттарға «сержант» шенінің табыс етілуі. Бұл сәтті көре отырып, біз де алдағы уақытта, осындай жетістікке жетуге сөз бердік. Іс-шара барысында ардагерлер кенесінің мүшесі Бисұлу Бейгазовна өзінің ыстық тілегін білдірді,онымен қоса курсанттардың ата-аналары да барша ұжымға алғысын білдіріп, өз ойларын осы қуанышты күні жеткізе алды. Барлығымыздың мақсатымызбен, мұрат еткен тілгіміз бір. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған курсанттар – ертең кемел мемлекеттің нағыз жауынгерлері болып шығары хақ. Оқу түрінің әр саласын меңгеріп, көңілге тоқып, санамызға сіңіру біздің міндетіміз және бірден-бір айдан анық нәрсе, біз сияқты жігері мықты курсанттар, болашақта асқар таудың биігіне шығып, ту ұстар азаматпен азаматшалар болары айқын. Тағы да айта кетерлік сәт ол, академияның төртінші курс курсанты, бірінщі курс курсантына «білім кілтін» табыс етуі. Кілтті табыс ете отырып, жақсы оқуды, жаңа бастамалардың жаршысы болуды тілек етті.


Бүгінгі Білім  күні-жаңа есіктің ашылып, балалық өмірдің аяқталып, үлкен әлемге аяқ басқан тарихи оқиғалар күні. Енді біз тағдырымызды мектеппен емес, академиямен оның ішінде, заң, кодекстермен байланыстыратын боламыз. Төрт жыл бойы офицер мырзалардан дәріс алып, елге адал қызмет етуді үйреніп, жаңа бағытқа көшіп, «курсант»деген атқа кір келтірмеуді, дәрежесін биік ұстауды жадымызға жалау етіп қою-басты мақсат тілегіміз.



Тәрбие жұмысы бөлімінін

инспектор-психологі

лейтенант полиции Р. Шаримова

1 курс курсанты

полиция қатарындағы Бакбаева А.А.