1 КУРС КУРСАНТТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Оқу дала лагерінде соңғы күндер ерекше өтуде. Осыған дейін тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған концерт өтті, спорттық ойындардан жарыс өткізілді, әскері эстафеталар өтті. Ендігі кезек 1 курс курсанттарының арасындағы дарынды да, талантты курсанттарға да жетті.

26 тамыз күні өнерге жақын курсанттардың және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің күшімен үлкен қорытынды концерт өткізілді. Іс-шара «Алтынгүл» лагерінің акт залында өткізілді. Бұл оқу-дала лагерінің көрші «Алтынгүл» лагерімен тығыз және мықты достастықтың, жылдар бойы келе жатқан қарым-қатынастың жемісі.

Концертке Академия бастығының міндетін атқарушысы полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов қатысып, өзінің жоғары бағасын берді. Іс-шарамыз Жас жауынгерлер курсының аяқталуына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды.




Концертте курсанттар өзінің патриоттық әндерімен қоса жүректен шыққан өмір, ана, туған жер туралы әндерін орындады. Ақындыққа жақын курсанттар Елбасымызға өлен шумақтарын арнап оқыды. Бишілеріміз Қазақ биімен қоса Қара жорғаны сахынада билеп, залда отырған курсанттарды бір жігерлендіріп жіберді.

Қатысушы курсанттар концерттен кейін өз өнерлеріне шабыттанып, келешекте Академияда өткізілетін мерекелік іс-шараларда осыдан да жақсы өнер көрсететіндіктерін айтты. Бірақ ол үлкен жауапкершілік екендігін сезінді, өйткені, өз курстастарына өнер көрсету мен бүкіл Академия алдында өнер көрсету мүлдем бөлек нәрсе.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты

Е. Кишкентаев