«АЛТЫН ГҮЛ» ЛАГЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Бірінші курс курсанттарының күнделікті күн тәртібі қызықты әрі пайдалы өту үшін тәрбие жұмысы бөлімі мен курс басшылығы өздерінің жоспары бойынша жұмыс атқарып келе жатыр. Соның бір дәлелі 20 тамызда офицерлер курсанттарды оқу-дала лагерінің жанындағы «Алтын гүл» лагеріне спорттық жарыстарға апаруы. Осы жылғы спорттық жарыстар «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында өткізілді.

Бұл іс-шара әр жыл сайын өткізіледі, сондықтан да «Алтын гүл» лагеріндегі кішкентай балалар біздің арнайы әскери киім киген курсантарды кұшақ жаяп карсы алады.

Биыл спорттық жарыстар футболдан, волейболдан және баскетболдан өткізілді. Ауа райының бұзылғанына қарамастан курсанттар мен лагердің балалары әр жарысқа белседі қатысып, спорттық алаңдарда өздерінің бар күштерін салды.

Алғашқы болып футбол алаңына қыздардан құралған командалар шықты. Кішкентай қыздар курсанттардың өздерінен күшті екендігіне қарамастан доппен жақсы жұмыс жасап, керемет нәтиже көрсетті. Кейін ұлдар арасында футболдан және баскетболдан ойындар өткізілді. Алаңға волейбалдан жарысқа соңғы болып қыздар құрамалары шықты. Ойындар жолдастық кездесу ретінде болғандықтан бір ойынды курсанттар ұтса, келесісін «Алтын гүл» лагерінің балалары ұтты.

Әр ойын қызықты сәттерге толы болды. Жарыстан кейін спортшылар өткізілген ойындар үшін бір біріне алғыс айтып, суретке түсті. Ал, «Алтын гүл» лагерінің қызметкерлері мен басшылығы курсанттарға алғыс білдіріп, келесі жылы тағы да күтетіндіктерін айтты.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты

Е. Кишкентаев