Академияға оқуға келген тәжік азаматтарын қабылдау рәсімі аяқталды

2018 жылдың 12-14 тамызы аралығында Тәжікстан Республикасының талапкерлерін ресми қабылдау өткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, жоғарыда аталған уақыт аралығында оқу саптық бөліністің және медициналық бөлім қызметкерлерімен есеңгірететін немесе психотроптық заттарды қолдануының алдын-алу және болдырмау мақсатында, жедел-диагностика және кеуде қуысының ағзасын флюрографиялық тексеру өткізілді.

Сонымен қатар, орыс тілінен талапкерлерді емтиханға дайындау үшін іс-шаралар және Академия аумағымен таныстыру аясында экскурсия, психологиялық дайындығының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында психологиялық тест, мандаттық комиссия отырысы өткізіліп,  Академияның даму тарихын тамашалау мақсатында бейне-ролик көрсетілді.

Мандаттық комиссиясы біткен соң, Тәжікстан Республикасынан келген талапкерлер Академия бастығының бұйрығымен  курсанттар қатарына қабылданып, 2018 жылдың 15 тамызында Академияның оқу-дала лагеріне жас жауынгерлер курсынан өтуге жіберілді.

Ресми қабылдау іс-шараларының аяқталуы Академияға оқуға түскен талапкерлердің жас жауынгерлер курсының басталғанын білдіреді. Оңы мен солын енді ғана тани бастаған, өмір деген үлкен кемеге мінген Тәжікстан Республикасының азаматтары әрі курсанттары Академияның оқу-дала лагерінде 15 күн әскери өмірдің ащы да тұщы дәмін татып, әскери тәртіпке үйренеді.

 

 

Тәрбие жұмысы бөлімі