Жеке бас гигиенасы денсаулық кепілі

2018 жылдың 14 тамызы күні Академияның тәрбие жұмысы бөлімі іс-шаралар жоспарына сәйкес, курс басшылығы және медициналық бөлім қызметкерлерінің қатысуымен  оқу-дала лагерінде жас жауынгер курсын өтіп жатқан бірінші курс курсанттарымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты — жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып, ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.

Кездесудің барысында әсіресе, жеке бас гигиенасының мәні, оның қажеттілігі, тән гигиенасының ережелері, дене белсенділігін қажетті деңгейде ұстау, шынығу, жеке бас гигиенасын қадағалау, зиянды дағдылардан (темекі, арақ т.б.) бас тарту, ашу-тартыс сәттерінде сабырлық сақтау, бұның барлығы аталған ұғымға енетіні түсіндірілді.

Тәрбие жұмысы бөлімі.