Академия басшылығы  жас курсанттармен кездесу өткізді

2018 жылдың 13 тамызы күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е. Қаппасов, Академия бастығының орынбасарлары: полиция полковнигі А. Нұрышев және полиция полковнигі С. Бачурин Академияның оқу-дала лагерінде жас жауынгер курсын өтіп жатқан бірінші курс курсанттарымен кездесті.

Кездесу барысында Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е. Қаппасов курсанттарды құттықтап, Академияның тыныс-тіршілігімен таныстырып, көптеген  спорт және көркем үйірмелер жұмыс жасайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, курсанттар үшін ашылған үйірмелерге қатысып, Академияның беделін арттыруға шақырды.

Әсіресе, кездесу барысында курсанттардың  әскери тәртібіне назар аударып, Академияның күн тәртібімен таныстырды.



Кездесудің соңында, Академия басшылығы курсанттардың жатын бөлмелерін, ас ішетін асханаларын тексеріп, курсанттардың хал-жағдайларын сұрап шықты.



Қатарға қабылданған жас курсанттар өз мамандығының маңызды екенін сезінуі тиіс, осы сәттен бастап иықтарына қатаң жауапкершілік түсті.

Тәрбие жұмысы бөлімі.