Академияның курсанттары қатары тағы да жас талапкерлермен толықты

«Армандар орындалады» дегендей, үлкен үмітпен Академия қабырғасына арман қуып келген жас талапкерлер бүгінгі таңда алдарындағы көптеген қиыншылықтарды артқа тастап, бақтары жанып еліміздегі маңдай алды оқу ордамыз Қостанай академиясының курсанты атанды. Оқуға түскен талапкерлердің қуанышында шек жоқ. Ол ұмытылмас қуанышты сезімді оқуға түскен талапкерлердің бүгінгі маңдаттық комиссияның салтанатты жиынында көрдік.

Осыдан 10 күн бұрын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына көптеген үміткерлер бақтарын сынап оқуға түсуге келген болатын. Міне сол жастардан  бекітілген  нормаға сай талапкерлер оқуға қабылданды.




Мандаттық комиссияның салтанатты жиынында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан  Қызылов оқуға түскен талапкерлерді бүгінгі қуанышты сәттерімен құттықтап, оларға ақ жол тіледі;

«- Құрметті қонақтар, талапкерлер! Сіздерді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Аты аңызға айналған Ішкі істер министрі,ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың атын алған Академияға оқуға түсу – бұл жаңа, керемет жолдың басы!

Сіздер барлық түсу сынақтардан  абыроймен өтіп шыдамды екендеріңізді көрсете білдіңіздер.

Құрметті талапкерлер! Сіздер таңдаған абыройлы жолдарыңыздағы бай білім, жаңа әсерлер, адал достар Академияда оқыған жылдардағы есте қалатын жылдар болып табылсын! Курсант жылдарын жастардың бақытты кезі ретінде естелікте қалытындай болсын! Таңдалған істеріңізде шынайы кәсіпқой болуға, жақсы оқуға тырысыңыздар!» — деді.

Генерал мырзаның ақжарма тілегінен кейін, мектепті алтын белгіге бітірген Аружан Марат құттықтау сөз сөйлеп, барлығына алғысын білдірді. Ол өз сөзінде өзінің Ресей елінде білім алатынын естігендегі қуанышын мәңгі есте қалатынын қуанышпен жеткізді.



 Академия қабырғасында болған он күн ішінде үміткерлер Тәрбие жұмысы бөлімінің жасаған жоспарына сәйкес, Академияның тарихи өмірімен етене танысып, мұражайларды аралады. Қолдары бос кезінде Академияға байланысты және аты аңызға айналған Шырақбек Қабылбаев туралы деректі фильмдерді тамашалады. Спортқа жақындары спорттық ойындар ойнап, білімпаздары Академияның жалпы кітапханасындағы кітаптарды оқып танысты. Қысқасы бір күндерінде текке өткізбеген жастар бірі-бірімен танысып, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрді.

Сол ұмытылмас қызықты уақыттары оқуға түсу қуанышымен жалғасын тапты.

Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов болашақ курсанттармен жеке-жеке кездесіп, олардың Академия туралы пікірлерін біліп, сөзге тартты. Кездесу барасында талапкерлер Мирлан Ахмедияұлына ұқсап генерал атанғысы келетіндерінде сөз арасында жасырмай айтып қалды.

Биылғы жас талапкерлердің арасында спорттың әр түрінен спорт шеберлер мен үміткерлер көп.

Спорт түрлерінен сынақ тапсыру кезінде талапкерлерді қолдау ретінде Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов мырза арнайы барып, оларға күш-жігер берді. Генералдың қуатты сөзінен кейін барлығы спорттық сынақты жақсыға тапсырды.

Міне осылай Академия қабырғасында он күндік өмірлері естерінде мәңгі сақталатынын олар жасырмады. Қысқасы алшысы оңынан түскен барлық талапкерлер Академияның курсанты атанып, оқуға түсті. Бізде бақтары жаңған талапкерлерді оқуға түсу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз.







Академияның баспасөз хатшысы                                          М. Оспанов