Қабылдау комиссия мүшелері қыздардан спорттық сынақ алуда

2018 жылғы 21 шілде күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында талапкерлерді медициналық және спорттық сынақтан қабылдау шаралары жалғасуда. Алдыңғы 4 күн ішінде ұл балаларды қабылдауды жалғастырса, бүгін қыз балаларды сынақтан өткізу басталды.

Қыздар спорттық сынақты күштері жеткенше жақсы тапсыруға тырысып жатыр. Бүгінгі тапсырушы талапкерлер 100 метрлік қашықтықты бағындырып, кешенді күш жинағынан сынға түсуде.

Ертең ер балалар сынақтың соңғы кезеңі 3000 метрлік қашықтықта бақтарын сынайтын болады.






















Академияның баспасөз қызметі