Жас талапкерлер спорттық сынақтарын жалғастыруда

Бүгін 20 шілде 2018 жыл жас талапкерлер үшін медициналық және спорт түрлерінен  сынақтарды тапсырып жатқанына  4-ші күн.

Таңертең ұлдар 100 метрлік және турникке тартылу түрінен спорттық сынақтарды жалғастырды. Барлық талапкерлер қолдарынан келгенше бекітілген нормативтерді тапсыруға тырысып жатыр. Араларында бокс түрімен шұғылданатын үміткерлердің көптігі таң қалдырды. Соның бірі  9-шы мектептің түлегі Бекзат Талғатұлын айтуға болады.  Бекзат жастайынан бокспен шұғылданады. Қазіргі таңда қажырлы еңбегінің арқасында бокстан спорт шеберлігіне үміткер. Шеберлікті қорғайын десе жас шамасы келмей қалған көрінеді.

Бізде жаста болса еңбекқор Бекзатқа Академияның курсанты атануға тілектестік білдірдік.

Шаршағандарын әлі біле қоймайтын жастар бүгінде әскери көңіл күйде екенін түскі аста асханада кездескен Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов мырзаға дауыстап  бір ауыздан жеткізді.

Академия бастығы әдеттегідей өзінің халыққа, соның ішінде жастарға жақын екенін асханада жастармен кездесу барысында тағы бір дәлелдей түсті. Мирлан Ахмедияұлы асханаға кірген бетте біріншіден қабырғада ілулі тұрған мәзірлер тізімін, дастархан үстінде жайылған тағамдармен  салыстырып, талапқа сәйкестігін тексерді. Және де ауқаттанып отырған талапкерлердің тағамының дәмділігін жеке –жеке сұрастырып шықты. Жеп отырған тағамдарының тіл үйретінін кейде мұндай тәтті тағамды үйлерінде жей бермейтіндігін әзілмен айтып, ақтарынан жарылды.

Жалпы 4-ші күн өмір сүріп жатқан талапкерлердің жағдай жаман еместігін көріп бізде қуанып қалдық.

Бүгін кешке және ертең медициналық тексерістен мүдірмей өткен қыздар спорттық сынақтарды тапсырады.

Академия бастығы әдеттегідей өзінің халыққа, соның ішінде жастарға жақын екенін































Академия баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов