2018 жылы қабылданған СОФ курсанттарының қондырма сессиясы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы  19 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарын 2018 жылы жасақтау туралы» № 40 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы сырттай оқыту факультетіне жоғары заңгерлік емес, орта кәсіптік және жалпы орта біліммен 2018 жылы қабылданған курсанттарының қондырма сессиясы Академияның оқу-әдістемелік орталығымен өңделіп, бекітілген кестесі бойынша өткізілуде.



Қондырма сессия барысында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру және толығымен қамтамасыз ету үшін оқытудың инновациялық және техникалық құралдар бөлімшесі сырттай оқыту факультетімен бірге 2018 жылы қабылданған СОФ курсанттарына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес ақпарат жеткізіп, қашықтықтан білім беру тәртібі толықтай түсіндірілді.



Сонымен қатар Академияның қашықтықтан білім беру порталына кіру үшін әр курсантқа логиндар мен парольдар берілді және СОФ курсанттары оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етілді. Кафедра оқытушылары оқу жұмыс жоспарымен көзделген пәндер бойынша дәрістерді оқыды.

Сырттай оқыту факультеті