Талапкерлер спорттық сынақ түрінен сынға түсті

Бүгін 19 шілде Академияға күндізгі оқыту бөліміне талапкерлерді қабылдау бойынша комиссияның жұмысы жүріп жатыр. Кешегі күнгі медициналық комиссиядан мүдірмей өткендері спорт нормативтерден сынақтар тапсыруда.











Биылғы жас талапкерлердің арасында спорттың әр түрінен спорт шеберлер мен үміткерлер көп. Оларда қолдарынан келгенше бар күш-жігерлерін салып, Академияның курсанты болуға асығуда.
Спорттың түрлерінен сынаққа түсуші жас талапкерлермен Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов мырза арнайы барып, оларға күш-жігер беріп қайтты. Және де комиссия жұмысына оң баға беріп, жұмыстарына адал, әрі әділ болуға тілектестік білдірді.








Өзімде жас талапкерлердің түскі тамақтануын түсіруге ниет білдіріп, асханаға бардым. Ауқаттанып отырған кейбір болашақ курсанттарды сөзге тарттым.
Көптің арасынан алтын белгіге бітірген Солтүстік-Қазақстандық Диляра Баймұханованы сөзге тарттым. Ол Академия курсанты атану қуанышты сәтін асыға күтіп жүргенін жасырмады. Қазіргі таңда тамақтану, жататын орындар талапқа сай екенін қуанышпен жеткізді.








Түстен кейін қолы бос талапкерлерге Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Академия туралы бейнефильм көрсетілді. Академияның тарихымен етене танысқан жастар көрсетілген фильм көңілдерінен шыққандарын жасырмады.
Міне осылай жас талапкерлердің бір күні спорттық сынаққа ұласты.





Ертең де басқа да талапкерлер медициналық комиссия мен спорттық сынақтар тапсырады.

Академия баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов