Академияда медициналық комиссия өз жұмысын бастады

Бүгін 18 шілде Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға қабылданған талапкерлердің денсаулығын тексеруге арналған медициналық комиссияның жұмысы басталды.



Медициналық комиссияның жұмысымен танысу барасында Академия бастығы полиция генерал-майоры  Мирлан Ахмедияұлы Қызылов барды. Кездесу барысында талапкерлермен сұхбаттасып, комиссия жұмысымен танысты.

Академия бастығымен кездескен талапкерлер сұхбат барысында барлығы жақсы екенін, еш кедергісіз өтіп жатқанын құлағдар етті.


Медициналық бақылаудан сүрінбей өткен талапкерлер ертең спорттық жаттығулардан сынақтар тапсырады.

Академияның қабылдау комиссиясы