Академияға келген талапкерлерді оқуға қабылдау басталды

2018 жылдың 14 шілдесінен бастап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  2018 жылғы талапкерлерді қабылдау күні басталды.



Кеше ғана кешендік тестілеу емтиханын сәтті тапсырған көптеген талапкерлер қазіргі таңда дене шынықтыру емтиханына қызу дайындық үстінде. Бүгін 18 шілде күні ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен Қостанай облысының оқуға түсуші талапкерлері және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талапкерлер Академия есігін ашты.

Алғаш рет Академия табалдырығын аттаған жас талапкерлерді бүгін Академия бастығы полиция генерал — майоры   Мирлан Ахмедияұлы Қызылов өз орынбасарларымен және комиссия мүшелерімен жас талапкерлермен кездесіп, танысып, жүздесті.


Кездесуден кейін оларға Академия бастығы сәттілік тілеп, курсант атануларына лебізін білдірді. Ол үшін білімді әрі физикалық тұрғыдан мықты болу керектігін тілге тиек етті.

Оң-солын әлі тани қоймаған талапкерлер Қостанай академиясына оқуға түсу арман екенін және қолдарынан келгенше сүрінбей, Академия курсанты атануға бар күш-жігерлерін салатындықтарын кездесу барысында жасырмады.

Талапкерлермен кездескен соң, қақпа сыртында тұрған ата-аналармен кездесіп, барлық талаптарға сай келген талапкер академия курсанты атанатын құлағдар етті.


Биылғы оқуға түсуге келіп отырған үміткерлердің арасында мықты спортшылар, алтын белгі, қызыл аттестатқа бітірген шәкірттер және  басқа да көптеген талант иелерінің барлығы көңілге медеу орнатты.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы полиция полковнигі Айбек Қажыкенұлы Ибраевтың айтуынша жалпы талапкерлерді тіркеуде еш кедергінің кездеспегенін және талапкерлер жағынан сұрақтар мен ұсыныстар болмағанын атап өтті.


2018 жылғы талапкерлерді тіркеуден кейін сырттау оқыту бөліміне қабылданған тыңдаушыларға мандаттық комиссия оқуға қабылдау туралы бұрықты оқып, Академия қабырғасына қабылданған курсанттарды құттықтады.


Қазіргі таңда Академияға оқуға түсуге тіркеуден өткен барлық талапкерлер казармаға жайғасты. Оларға барлық жағдай жасалғанын өз көзімізбен көру үшін казармаға бардық. Көңілдерінде еш кірбің жоқ талапкерлер бір-бірімен етене араласып, жақсы көңіл күйде екен.

Бізде топқа түсіп бағын сынап жатқан жас талапкерлер іске сәт, жолдарың ақ болсын, дейміз.

 

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов