Академияға оқуға түсуші талапкерлердің келу рәсімі басталды

2018 жылы 14 шілде күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2018 жылғы оқуға түсуші талапкерлер келіп жатыр.

Талапкерлерді Академияның қабылдау комиссиясы қабылдап, құжаттарын рәсімдеуде. Құжаттары түгел талапкерлер ертең компьютерлік тестілеу емтиханын тапсырады.

Академия қабырғасына келген талапкерлермен Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов кездесіп, оларға сәттілік тілеп, емтихандардан сүрінбей өтіп, Академияның курсанты атануға ақ жол тіледі.

Кездесуден кейін Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы қабылдау комиссияның жұмысы барысымен танысып, талапкерлер тұратын казармаларды тексерді.
Тексеру барысында қабылдау комиссияның мүшелері талапкерлерді қабылдауға барлық жағынан дайын әрі барлық жағдай жасалып жатқанын баян етті.

Академияға талапкерлердің келу шаралары алдағы күндерде жалғасатыны құлағдар етті.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов