Астананың 20 жылдық мерейтойы Академияда аталып өтті.

2018 жылдың 5 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптың алаңында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты салтанатты іс шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов, Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Ахан Жақыпбекұлы Нурушев, полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачурин және академияның қызметкерлерімен, курсанттары қатысты.

Мерекелік жиынды Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы өзінің жүрек жарды лебізінде;

— Құрметті әріптестер және курсанттар. 2018 жыл — елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейлі жыл.

6 шілде Отанымыздың жүрегі – Астана күні – мемлекеттік мереке болып саналады. Бұл – Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн.

Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың қажырлы табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің жарқын үлгісі. Астана тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Онда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілеймін.

Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі –  Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын!, — деп білдірді.

Құттықтаудан кейін  Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Сергей Бачурин Мирлан Ахмедияұлын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы және оның астанасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерейтой медалімен марапаттады.

Марапаттаудан кейін мерекеге орай Академияның бірнеше қызметкерлеріне арнайы атақтарын табыстап, кеше ғана Астана қаласында өткен Елбасымыздың жүлдесіне арналған әлем кубогінің қола жүлдегері Нұрбол Құрбанға мойнына медаль тағып, қолына грамота берді.

Және де Академияның имиджін арттырып, оқуда үздік болған курсанттарда марапатталды.

Салтанатты мереке соңында Академияның тұрақты және ауыспалы құрамы салтанатты қадаммен саптық алаңда шерулеп өтті.








Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов