Тобыл жағалауында домбыра күні аталып өтті

Домбыра – ән мен күйдің елшісі,

Домбыра – жүректердің емшісі,

Домбыра – рухани қазына – байлық,

Қазақтықтың ұлттық айқын белгісі – дей келе,

Қазақтың қара домбырасын осындай бір шумақ өлең жолдарымен ұлықтағанды жөн санадым. Кешегі шілденің 1 – і күні осынау ұлттық шертпелі аспабымыз саналатын домбыраның мерекелік күні Қостанай қаласындағы Тобыл өзенінің жағасында орналасқан «Тәуелсіздікке – 25 жыл» атты керемет саябақта аталып өтті.

Бұл мерекеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1,3 – курс курсанттары да барып, көрермендер қатарынан орын алды. 3 – курс курсантары полиция старшинасы Альменов Азамат Серікжанұлының жауапкершілігінде барып, көптеген сахналық домбыра қойылымдарын тамашалап қайтты. Курсанттар домбыраның қоңыр үнінен рухани қуат алып, тобылдың жағасынан ескен  самалдан еркін тыныстанып жандары мен тәндеріне кереметтей рахат алды. Осынау мерекеге Қостанай академиясының да домбырашылары қатысып керемет өнерлерін көрсетті.

Мереке қонақтарының қатарында Қостанай академиясының бастығы полиция генерал – майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлы болып домбырашылардың өнерін курсанттармен қатар тамашалады.


Курсанттар баспасөзінің мүшесі

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан