Тағылымы мол дәріс

2018 жылдың 27 маусымы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облысының архив қызметінің атаулы күндері және мерейтойлық іс-шаралар қарсаңында үшінші жыл қатарынан көпшілікке арналған дәріс өткізілді.



Аталған іс-шара Ұлттық архив қорының құжаттарын жариялауға, пайдалануға және көпшіліктің назарына ұсынуға мүмкіндік берді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Қостанай облысы Қоғамдық Кеңесінің секретары, политолог, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Георгиевич Вишневский және әділет министрінің экс-орынбасары, Қазақстан Республикасының Парламент депутаты, ҚӘТУ- дегі экономика және құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Михайлович Жалыбин қатысып Астананың құрылу тарихы жайлы қызықты әңгімелерімен бөлісті.



Мереке соңында «Жас Отан» Қостанай филиалының төрағасы Әлібек Өмірбекұлы Мұхамеджанов Қостанай жастарының Ел жүрегі-Астананың 20 жылдық мерей тойына тарту ететін жоспарланған іс-шараларын атап өтті.



Тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкері  Б.Курмангалиева