Жолдарыңыз болсын, жас офицерлер!

Биылғы жыл Қостанай академиясы үшін құтты жылға толы болды. Себебі қарқынды еңбектің арқасында Академия ұжымы әр салада жетістіктерге жетіп, Академия беделін арттыруда. Осындай жетістіктердің жалғасы кешегі өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында оқу бітіруші түлектерге алғашқы офицерлік «лейтенант» шенді беру салтанатын айтуға болады.

Биылғы түлектер үшін бұл жыл аса маңызды оқиғалармен, яғни  Қазақстан  полициясы күні және елордамыз Астана қаласының 20-жылдығы және Шырақбек Қабылбаевтың 110 жылдық  мерейтойымен ұштасып отыр.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу орнымыздың 1 курс курсанттары түлектерге «лейтенант» атағын салтанатты түрде табыс етті. Оқу бітіруші түлектерді Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов шын жүректен құттықтап, өз кәсіби міндеттерін барынша лайықты, адал орындайтындарына үлкен сенім білдірді. Еліміздің қай жерінде жүрсеңдер де өздеріңді білім нәрімен сусындатқан, киелі білім ордасы Академияны ұмытпауларын Академия деген махаббатырыңыз қашанда адал болуын сөз етті.


Биылғы жылы Академиямызды 300-ге жуық курсант аяқтап, оның ішінде 28 курсант үздік дипломмен тәмәмдады. Академия қабырғасында білімі жағынан үздік, тәртібі жағынан салмақты, спорт жағынан шынық, өнер жағынан талантты 5 курсант Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қолынан арнайы «лейтенант» атағын алды. Ал 2 курсант алдағы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін салтанатты іс-шарада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан арнайы «лейтенант» атағын алады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанды екі есеге артып отыр. Осындай жетістіктерді көріп отырып-ақ Академияның басшылығы және профессорлық-оқытушылар құрамының білікті маман, адал ұстаз екендіктерін көрсетіп отыр.



Дипломды тапсыру сәтінен кейін келесі күні күндізгі оқыту факультетінің түлектерін шығарып салу рәсімі өткізілді. Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары Қостанай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Укин Кенжебек Үкіұлы, Қазақстанның Еңбек ері Турсунов Алмат Жанәбілұлы және Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аймагамбетов Бекет Иманович және де түлектердің ата-аналары болды.

Түлектердің ата-аналары, іс-шара қонақтары әрдайым аянбай білім беріп, 4 жыл бойы курсанттық өмірмен, білім нәрімен сусындатқан, оқу мен ғылымның, тәртіп пен ізгіліктің тура жолына бастаған Академияның басшылығы мен профессорлық-оқытушы құрамға алғыстарын білдіріп, түлектерді осы айрықша маңызға ие күнмен құттықтап, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.




Салтанатты рәсім барысында Академия курсанттарының қатысуымен іс-шараның қадірменді қонақтарының назарына салтанатты сап түзеу, үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен саптық маршпен жүріп өту, карабинщиктер топтары, 2 курс курсант-қыздарының дабылшылар тобы, оқу орнымыздың мықты спортшыларының жауынгерлік көрсетілімдері, түлектердің  офицерлік вальсі және 1-3 курс курсанттарының орындауында әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім ұялататын «Мен қазақпын» саптық әні ұсынылды.



Кеш соңы салтанатты концерттік бағдарламаға ұласып, іс-шараға қатысушы қонақтардың

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатарына қосылған  Қазақстандық полицияның келбетін қалыптастырушы жас офицерлер, үлкен өмірге қадам басуларыңыз құтты болсын! Сіздерге әрдайым сәттілік серік болсын. Қанаттарыңыз талмай, биіктерге самғап, егемен еліміздің мерейін арттыратын жетістіктер мен жеңістерге жете беріңіздер! Сонымен қатар, біздің еліміз Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды мерекелер, Қазақстандық полиция күні және еліміздің бас қаласы – Астана қаласының 20-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!





Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов