Астананың 20 жылдығына арналған Еркін күрестен жарыс

Еуразия жүрегінде Астана,

Кеше ғана бой көтерген жас қала.

Бүгінде сөзін сөйлеп әлемге

Үлгі болып тұрғой әне баршаға.

 

Қазағымның ел ордасы – Астана,

Барлығына тіреу болған бас қала.

Көз тартатын кейібіңе қызығып,

Ғаламтордан қарай берем тамсана – демекші,

Елордамыз  Астанаға да биыл  қыс – жаз мезгілдері әне – міне дегенше 20 – сыншы рет айналып келіп қапты. 20 жыл бұл – пенде жасымен салыстырсақ  жас баланың жасы емес, бәлкім көш бастап, ел жетелейтіен, ақыл тоқтатқан ер азаматтың жасы. Міне осындай жасқа келген Астанамыздың 20 жылдық тойын бүгінде барша қазақ тойлауда.

Маусымның 17 – сі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған еркін күрестен академия ішілік турнир өткізілді.

Бұл турнирді жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы отставкадағы полиция полковнигі Ақылбеков Айдарбек және КОФ 4 – курс курсанттарының еркін күрес мүшелері ұйымдастырды. Жарысқа 10 салмақ дәрежесі бойынша 40 – тан астам курсант қатысып жүлделерді өзара сарапқа салды. Арнайы тапсырыспен жасалған алқалар дизайн жағынан өте тартымды және сапалы металдардан құйылғаны айқын көрініп тұрды.

Жарыс басталысымен қарқын алып, аяқталғанша сол екпінмен жалғасты. Қатысушылар жаттығуда күделікті кездесіп жүргендіктен қарсыластарын жақсы танып, керемет күрес үлгісін көрсетті. Осылайша әр салмақтың жеңімпаздары анықталды және жарысқа үлес қосқандар түгелдей дерлік марапатталды.