Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған-өзіне залым!

Курсанттардыңжыл бойы алған білімдерін, тәрбиелік іс-шараларын қорытындылайтын уақытта жетті. Тәрбиемен білімді ұштастыра келе, алдағы емтиханға сәттілік тілей отыра кураторлық сабақ аясында 302,308 топ курсанттарына санаға сана, ақылға ақыл қосатын бір аңыз – әңгімені айтуды жөн көрдік.

Бұл өткен замандағы аңыз болса да, тәрбие жағынан терең мағынасы бар.

Абылай заманында бір қарғысшыл қалмақ, келістіріп қарғайды екен. Бір күні Абылай оны шақырып, ал қалмақжан мені қырсық шалатындай, жолым болмайтындай, қарғыс сөздерінді айтшы, — дейді.

Сонда қалмақтың айтқан сөзі:

Шөбін жапырылмасын!-депті.

-Кедей бол дегенің ғой, ол қарғыс емес, — депті Абылай.

-Онда күлін шашылмасын! -деген.

-Баласыз бол дегенің ғой, бұл да қарғыс емес, өзім жақсы болсам, елдің бәрі менің балам,- деп сөз қайтарды Абылай.

Ендеше өзін білме, білгеннің тілін алма!-дейді.

-Астапраллааа, қарғыстың жаманы мынау екен! –деп Абылайдың зәресі ұшқан.

Міне, осы аңызды курсанттарға әңгімелей отырып, мағынасына терең үңілуді ұсынып, «Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған-өзіне залым» деген ұранды жүректеріне ұялата келе, алдыңғы уақытта күтіп тұрған жаздық – емтихан сессияларын табысты да, жемісті де, ойдағыдай  тапсыруларына сәттілік тіледік!

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

 

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева