ҚҚАҚжК  кафедрасы оқу дала лагерінде

Мамыр айының 28 – і мен Маусымның 16 – ы аралығына жоспарланған оқу дала лагерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсанттары 3 – лекке бөлініп апта бойы тактикалық сабақтар өткен болатын.




Сабақты өткізуде академияның біршама профессор – оқытушы  құрамы  ат салысты. Солардың бірі қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушылары полиция капитаны Ә.С.Қожахмет және полиция капитаны М.В.Олексюк басқалармен біте қайнасып, курсанттарға қылмыстық-атқару жүйесі бойынша біршама ақыл – кеңестерін айтты, сондай – ақ курсанттар ҚАЖ мекемелеріндегі күнделікті құбылысты, бүкіл әрекеттерді тәжірибелік жағынан көрсетті. Түзеу мекемелеріне камбойдың жазасын өтеушілерді қалай алып келетіндігінен бастап мекемедегі ішкі құбылысқа дейін толық көрсетіп орындады. Кафедра оқытушылары курсанттарға біршама тапсырмалар беріп, оларды еңбегіне қарай бағалап отырды.


Жалпы 4 күнге созылып 8 этаптан құралған бұл оқуда 3 – курс курсанттары тапсырмаларды жақсы көрсеткішпен орындап практикалық жағынан біршама білім алып, өздерін жақсы қырларынан көрсете білді.

 


3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының

оқытушысы

 полиция капитаны Ә.С.Қожахмет