«Өмірдің өрнекті суреттері» атты көрмеге саяхат

2018 жылдың 5 маусымы күні Қостанай академиясының «Мәдениет  университеті» оқу кестесі аясында КОФ 1 курс курсанттары Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ бейнелеу өнері бөліміне «Өмірдің өрнекті суреттері» атты көрмеге саяхат жасады.

Көрмеде Әнуар Сәпиевтың 40-тан астам кескіндеме және графикалық туындылар — пейзаж, этюд композициясы, тарихи тақырыптағы картиналары,  Қазақстаннан тыс жерлерге де  танымал шебер-зергер  Леонид Александрович Игошинның өнері және Қостанайдың белгілі суретші-плакатшысы Юрий Новоселовтың туындылары  ұсынылған.

Суретші Ә.Сәпиевтің шығармашылығындағы натурадан салынған пейзаждық кескіндеме ең маңызды көрініс болып табылады.

Туған жерге, оның тарихына, дәстүріне және салтына деген суретшінің шынайы махаббаты көптеген шығармашылық туындыларына себепкер болды. Әнуар Сәпиевтің композицияларында, қазақ эпосындағы аты аңызға айналған батырлар, туған жерінің табиғатының ерекше әсемдігі, шынайы сезімге толы әже бейнесі, оның бала күнінде ойында жүрген бейнелер анық көрсетілген.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының иегері Леонид Игошиннің 85 жасқа толған мерейтойына арналған көптеген туындыларын көруге болады.  Оның сымкәптеу техникасында жасаған жұмыстары АҚШ, Германия, Бельгия, Франция және Канадада өткен 8 халықаралық көрмелерде қойылды. Л.А.Игошиннің туындыларына нәзік жіп-бұрамалардың тұсындағы гүлді табақшалар мен жапырақтарға толған сәнді өсімдік өрнектері, дәстүрлі қазақ өрнегінің сарынын қолдану тән. Л.А.Игошиннің туындыларында өңдеу тастары мен жартылай асыл тастарды қондыруы өзіндік ерекшелігі болып табылады. Оның жұмыстары композициялық шешімінің жаңашылдығы, нәзіктігі және жеңілдігімен ерекшеленеді.

Ал, Юрий Новоселовтың жетекшілігімен   Қостанай облысының бейнелеу өнерін дамыту, дарынды жас суретшілерді анықтау және оларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2016 жылдан бастап жыл сайын байқау ұйымдастырылады.

Байқауға қатысқан Қостанай, Лисаков, Рудный, Жітіқара қалаларының және Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу және тағы да басқа аудандарының жас авторларының 50-ден астам жұмыстары ұсынылған.

Портрет өнері шыдамдылық пен сабырлық еңбегін талап ететін жұмыс.

Осындай адам қолынан шыққан керемет туындыларға курсанттар қызыға қарап, кейбіреулері авторлармен жеке кездескілері келетінін және қызыққан туындыларының жасалу тарихын сұрастырып жатты.

Көрмеге барған жас полицийлердің арасында осындай теңдесі жоқ, тамаша туындыларды жасауға үміт білдірген курсанттарда өз қызығушылықтарының бар екенін жасырмады.

Тәрбие жұмысы бөлімі

Б.Курмангалиева