Құрметті магистратураға оқуға түсуші кандидаттар!

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (бұдан әрі — Академия) кандидаттарды ғылыми және педагогикалық магистратураға оқуға түсуге шақырады.

  1. Жалпы ережелер 

Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға оқуға кандидаттарды қабылдау қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Академия магистратурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.

  1. Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі.

Академияның магистратурасына жоғары білім беру бағдарламаларын игерген оқуға кандидаттар қабылданады.

Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі                        1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша  магистратураға оқуға кандидаттары өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді (ішкі істер министрінің орынбасарына (бұдан әрі – министрдің орынбасары), ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына).

Академияның ғылыми және педагогикалық магистратураға оқуға кандидаттарды іріктеу үшін министрдің орынбасарының, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, және ІІМ білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен іріктеу комиссиялары құрылады.

Іріктеу комиссиясы магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, оқуға кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

Кадр қызметтері Академияға ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:

  • жеке ісі;
  • оқу ісі, ол:
  • оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан; қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;
  • іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
  • шетел тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен;
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
  • өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтамадан (бұдан әрі — 086-У медициналық анықтама);
    —      ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (олар бар болса) тұрады.
  1. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі 

      Академияның магистратурасына оқуға түсетін кандидаттар:

  • таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
  • мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.

Мынадай емтихандар бойынша:

  • ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл — кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
    —  неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
    —  француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға кандидаттар магистратураға және PhD докторантураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.

      Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

  Магистратураға және PhD докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан білімінің алдыңғы білім деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.

    Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

  1. Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасына қабылдау.

    Ғылыми және педагогикалық магистранттар қатарына қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы конкурстық негізде жүзеге асырады.

Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға кандидаттар қабылданады.

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға кандидаттарға бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған оқуға кандидаттарға беріледі, егер мамандық бойынша қабылдау емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған кандидаттарға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Академияның бастығы оқуға кандидаттарды ішкі істер органдарынан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Уважаемые кандидаты на учебу в магистратуру!

Костанайская академия МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева (далее – Академия) приглашает кандидатов на учебу в научную и педагогическую магистратуру.

  1. Общие положения

Прием кандидатов на учебу в научную и педагогическую магистратуру Академии осуществляется на конкурсной основе по результатам вступительных экзаменов.

Прием документов поступающих в научную и педагогическую магистратуру Академии проводится ежегодно с 20 июня по 20 июля.

Вступительные экзамены в научную и педагогическую магистратуру Академии проводятся ежегодно с 1 до 20 августа, зачисление – до 25 августа.

  1. Порядок приема документов для поступления в научную и педагогическую магистратуру Академии.

В научную и педагогическую магистратуру Академии принимаются кандидаты на учебу, освоившие образовательные программы высшего образования.
В научную и педагогическую магистратуру Академии принимаются сотрудники органов внутренних дел, имеющие стаж практической работы в органах внутренних дел не менее одного года.

Кандидаты на учебу в научную и педагогическую магистратуру Академии подают рапорта в произвольной форме на имя своего руководителя (заместителя министра внутренних дел (далее – заместитель министра), руководителя ДВД, ДВДТ, ДУИС, ДЧС, учебного заведения МВД).
Для отбора кандидатов на учебу в научную и педагогическую магистратуру Академии приказом заместителя министра, руководителя ДВД, ДВДТ, ДУИС, ДЧС и учебного заведения МВД создаются отборочные комиссии.
Отборочная комиссия, руководствуясь планом приема в магистратуру, изучает представленные на кандидатов на учебу документы, определяет соответствие кандидатов условиям приема.

На кандидатов на учебу в научную и педагогическую магистратуру кадровые службы направляют в Академию следующие документы:

1) личное дело;

2) учебное дело, которое содержит:

— рапорт кандидата на учебу в произвольной форме;
служебную характеристику и аттестационный лист за последний период службы;
— копию протокола отборочной комиссии о направлении на учебу;

— копию документа, удостоверяющего личности;

— копию сертификата о сдаче тестов по иностранному языку;

— личный листок по учету кадров;

— шесть фотографий размером 3х4 сантиметров;

— медицинскую справку 086-У, по форме утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6697) (далее – медицинская справка 086-У);

— список научных и научно-методических работ (в случае их наличия).

  1. Порядок проведения вступительных экзаменов

Кандидаты на учебу, поступающие в научную и педагогическую магистратуру Академии, сдают вступительные экзамены:

1) по одному из иностранных языков по выбору (английский, французский, немецкий);

2) по специальности.

Кандидаты на учебу, имеющие международные сертификаты, подтверждающие владение иностранным языком в соответствии с Общеевропейскими компетенциями (стандартами) владения иностранным языком, освобождаются от вступительного экзамена по иностранному языку в научную и педагогическую магистратуру Академии по следующим экзаменам:
— английский язык: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – не менее 460 баллов), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, пороговый балл–не менее 87), (TOEFL пороговый балл–не менее 560 баллов), International English Language Tests System (IELTS, пороговый балл–не менее 6.0);

— немецкий язык: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, NiveauС1/ уровеньС1), TestDaF-Prufung (Niveau C1/уровеньС1);

— французский язык: Test de Francais International™(TFI –не нижеуровня B1 по секциям чтения и аудирования), Diplomed’Etudesen Langue franсaisе (DELF, уровеньВ2), Diplome Approfondi de Langue franсaisе (DALF, уровеньС1), Тest de connaissance du franсais (TCF –неменее 400 баллов).

Вступительные экзамены по иностранному языку проводятся по технологии, разработанной Национальным центром тестирования Министерства образования и науки Республики Казахстан.

Экзамен по специальности для поступающих в научную и педагогическую магистратуру Академии проводится в объеме образовательных программ предыдущего уровня образования. Форма проведения вступительного экзамена по специальности определяется высшим учебным заведением самостоятельно.

Пересдача вступительных экзаменов не допускается.

  1. Зачисление в научную и педагогическую магистратуру Академии.

Зачисление в число магистрантов в научную и педагогическую магистратуру Академии осуществляется приемной комиссией Академии.

На обучение в научную и педагогическую магистратуру Академии по государственному образовательному заказу зачисляются кандидаты на учебу, набравшие наивысшие баллы по сумме вступительных экзаменов не менее 150 баллов по 100-балльной шкале оценок.

Кандидатам на учебу, имеющим сертификаты о сдаче теста по иностранному языку (английский, французский, немецкий), начисляется наивысший балл по 100-балльной шкале оценок.

В случае одинаковых показателей конкурсных баллов преимущественное право при зачислении получают кандидаты на учебу, имеющие наиболее высокую оценку по специальности, в случае одинаковых показателей вступительного экзамена по специальности, преимущественное право получают кандидаты, имеющие наиболее высокую оценку по иностранному языку. Затем учитываются научные достижения, соответствующие профилю избранной специальности.

На основании решения приемной комиссии начальник Академии издает приказ о зачислении в научную и педагогическую магистратуру Академии, который является основанием для откомандирования кандидатов на учебу в распоряжение Академии из органа внутренних дел.