Қуғын-сүргін құрбандары

2018 жылдың 29 мамырында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттары Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Курсанттардың бұл жерге бару себебі саяси репрессия құрбандарына арналған іс-шараға қатысуы.

Саяси құғын-сүргін құрбандары президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда еске алынады. Сол кезеңде халқымыздың басым бөлігі қысаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Миллиондаған совет одағы азаматтары репрессияға ұшырады. Солардың ішінде «Алаш Орда» қозғалысының көптеген қайраткеріде тізімге алынып кетті. Алашым деп алаңдаған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Ә.Бөкейханов тағы басқа арыстандарымыз ажалдың ащы дәмін татты. Іс-шарада репрессия жылдарындағы қазақ елінің тұрмыс жағдайын, ауыр кезең оқиғаларды көрсетті.

Іс-шара аяқталғаннан соң кітапхананың қызықты кітаптары курсанттарды өзіне тартып алды. Болашақ офицер мырзалар кітапхана мен толық танысып сейілдеме уақытында келіп өз білімдерін шыңдағылары келетінін айтты Курсанттар өткізілген іс-шарадан терең ой түйіп, ел тәуелсіздігінің жолында құрбан болған ат-бабаларымыздың рухын ерлігін ұмытпайтындықтарын еске алды.




1 курс бастығының орынбасары
полиция аға лейтенанты
Кабылдин М.О

Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі,
полиция қатарындағы
Нақыпбеков С.Н