Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасы туралы

Генерал Шырақбек Қабылбаевтың есімі Қазақ ССР, одан кейін Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекетінің ішкі істер органдарының қалыптасу тарихына алтын әріптермен жазылған. Алаштың аяулы азаматы Шырақбек Қабылбаевтың өнегелі өмірі мен адал қызметі халық құрметіне бөленді. 2015 жылдың 6 наурызында Шырақбек ағамыздың отбасы, кезінде өзі жинаған қызықты да танымдық жеке кітапханасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Қостанай академиясына сыйға тартты.

Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасы 332 әдеби басылымнан және 460 дана кітаптан тұрады. Атап айтсақ,  Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағы, 2 томдық Қазақ Совет поэзиясының антологиясы, Бауыржан Момышұлының 2 томдық шығармалар жинағы, Ғафу Қайырбековтың  «Қарқаралы басында» және Мұқағали Мақатаевтың    өлеңдер  жинағы және тағы басқа қазақ ақын-жазушыларының, орыс классиктері А.П. Чеховтың 17 томдық, М. Горькийдің  16 томдық шығармалар жинағы, Ф.М.Достоевский, А.С. Пушкин, М.С. Лермонтовтың шығармалары, Л.Толстойдың «Анна Каренина», А.Толстойдың «Хождение по мукам», «Пётр Первый» атты романдары, орыс, кеңес дәуірі классиктерінің шығармалары, шығыс, шетел поэзиясы мен прозалары және «Бүкіл әлемдік әдебиет» сериясының 200 томдығы  Академия кітапханасының кітап қорының өте құнды бөлімі болып саналады.

Бұл Шырақбек Қабылбаевтың жан-жақты  білімді, «Сегіз қырлы бір сырлы» жан болғанын көрсетеді.

Мінезі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тән қызметке қатал,тәртіпке мықты жан болып көрінгенмен, озық туындыларды, ән мен жырды жанына серік етті.Ол қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармаларын ерекше ықыласпен оқыды. Көптеген отандық поэзия және проза жарық жұлдыздарымен жеке таныс болып араласты, олардың әдеби ойлары мен қолжазбаларын қоса талқылады.

Шырақбек Қабылбаев бірқатар белгілі авторларға өздерінің өмір тарихы, мол тәжірибелері мен жүріп өткен жолдары, әр кезеңде жазылған күнделіктері мен жазбаларын жинақтап, автобиографиялық туынды жазуға ой тастап, өз пікірін білдірді. Нәтижесінде, Ұлы Отан Соғысындағы жауынгерлердің жанқиярлық ерлігі туралы өзінің қолжазбалары мен майдандағы хаттарынан баға жетпес құнды туындыны жазған Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының шығармасы осылай дүниеге келген еді.

Академия бастығы М.А.Қызыловтың оқу орнымызға Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасын сыйға тартқаны туралы ақпараты —          профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттары үшін  маңызды оқиға болды.

Кітапхананың оқу залында Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасынан тұрақты түрде кітап көрмесі ұйымдастырылып, безендіріліп тұрады.

Шырақбек Қабылбаев қазақ  және кеңес дәуірі кезіндегі әдеби туындыларға өзіне қажетті деген беттеріне қарындаш пен қалам арқылы өзінің ойын білдіріп, белгі салып отырған. Аса көрнекті ақын-жазушылармен достық, жақын қарым-қатынаста болуы арқасында, олардың болашақ туындыларын оқып, өзінің көзқарасын жеткізуге мүмкіндік берді.Шырақбек Қабылбаев адамгершілік және шығармашылық достық нәтижесінде әдебиет алыптары Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Қайырбеков, С.Бегалин, Б.Момышұлы және т.б.жақсы сыйластықта болып араласты.

Ғабит Мүсірепов Шырақбек Қабылбаевты  әдебиетке деген ерекше ықыласын жоғары бағалап: «Мен еңбек жолымды милиционер болып бастап, жазушы болдым. Ал, сіз, рухыңызбен жазушысыз, бірақ милиционер болдыңыз»,- деп айтқан сөзі осының айғағы.

Генерал Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасының мәні — көркем әдебиеттердегі қолжазба парақшалары мен хаттары атақты генералдың бүкіл өмірі Отанға, әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншілігін, оның сан қырлы тұлға, ақылды, парасатты жан екендігін көрсетеді.

Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасындағы кітаптар  курсанттардың ұдайы сұранысымен қолданыста және олардың рухани дамуына және қалыптасуына, өз ісінің шебері ғана емес, адамгершілігі жоғары, оқыған, жан-жақты болашақ полиция қызметкері болуына үлкен әсер етеді де ойлаймыз.

           Шырақбек Қабылбаевтың өмір жолы мен қызметі тарихты білгісі, өткен заманнан тағлым алғысы келетін қазіргі жеткіншек ұрпақтар үшін үлкен үлгі, әрі өнеге.

Кітапханашы  Қ. Аргынғазина

Библиограф  Р. Нұрханова

О личной библиотеке Шракбека Кабылбаева

Имя генерала Шракбека Кабылбаева золотыми буквами вписано в историю становления органов внутренних дел Казахской ССР, а затем молодого независимого государства Республики Казахстан. Точно также, как интересна история жизни и деятельности генерала Ш. Кабылбаева, так же интересна и познавательна собранная им его личная библиотека, переданная в дар его семьёй Костанайской Академии МВД РК  6 марта 2015 года.  Личная библиотека генерала Ш.Кабылбаева, является наиболее ценной частью книжного фонда нашей Академии.

Фонд личной библиотеки Ш.Кабылбаева состоит из 332 наименований и 460 экземпляров книг. В составе библиотеки 55 произведений казахстанских авторов в количестве 79 экземпляров, 50 наименований русской литературы в количестве 153 книг, 62 названия советской литературы в количестве 63 произведений и 165 наименований  книг серии «Библиотека всемирной литературы» в количестве 165 экземпляров.

Содержание библиотеки генерала Ш.Кабылбаева наглядно показывает его как человека незаурядного, всеядного и любознательного. Казалось бы, характер и специфика службы сотрудника правоохранительных органов Ш.Кабылбаева должна создавать образ жёсткого и сурового человека. Однако близкое знакомство с содержанием книг личной библиотеки генерала говорят об обратном.  Особенной любовью пользовались у Шракбека Кабылбаева произведения казахстанских писателей и поэтов. Многих из литературных светил отечественной поэзии и прозы Ш.Кабылбаев знал лично, общался, обсуждал с ними их литературные задумки и рукописи, впоследствии ставшими шедеврами отечественной литературы. Некоторых авторов  Шракбек Кабылбаев натолкнул на мысли о переложении их жизненных историй, их дневников и записей, в которых были зафиксированы богатый неординарный опыт и пройденный ими путь в автобиографические произведения. Так произошло с рукописями и фронтовыми записями Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы, впоследствии явившегося автором бесценных произведений о Великой Отечественой войне и беспримерном подвиге советских воинов.

Первую информацию о личной библиотеке генерала Шракбека Кабылбаева, полученной в дар Костанайской Академией, курсанты и профессорско-преподавательский состав Академии получили из уст начальника Академии Кызылова М.А., что говорит о значимости данного события для нашей Академии. В читальном зале Академии на постоянной основе оформлена и действует книжная выставка изданий личной библиотеки Ш.Кабылбаева.  Многие книги классиков казахской и советской литературы имеют вкладки и записки с рукописными текстами Ш.Кабылбаева. Эти записи-вкладки отражают сиюминутные мысли человека, навеянные прочтением книги и личные воспоминания, перекликающиеся с темой произведения.

Дружба и приятельские отношения Шракбека Кабылбаева со многими отечественными писателями, поэтами давало право прочтения рукописей и изложения своего видения и взгляда относительно их будущих произведений. Через многие годы Ш.Кабылбаев пронёс человеческую и творческую дружбу с такими гигантами отечественной литературы как Габит Мусрепов, Сабит Муканов, Гафу Каирбеков, Сапаргали Бегалин, Бауыржан Момышулы и др.

С большой любовью собранная личная библиотека Шракбека Кабылбаева подтверждает высказывание Г.Мусрепова, сказанные о нём : «Ирония судьбы, я начал трудовой путь милиционером, а являюсь писателем, Вы же по духу писатель, стали милиционером».

Содержание личной библиотеки генерала Шракбека Кабылбаева, его рукописных вкладок и записей в книгах, как и вся жизнь генерала, наглядно показывают его любовь к Родине, к литературе, культуре, искусству, говорят о нём как о многогранной личности, умном и мудром человеке.

Книги из личной библиотеки Ш.Кабылбаева пользуются постоянным спросом у курсантов и оказывают благотворное влияние на процесс формирования и становления курсантов, не только как профессионалов своего дела, но и высоконравственных, образованных, разносторонне развитых  будущих полицейских.

Библиотекарь    К.Аргингазина