Көптен күткен бәйге

Қостанай облысының өңірінде көптен күткен бәйге ұйымдастырылды. Ұлттық ойын түрі «Көкпар» федерациясының мерейтойы қарсаңында Қостанай облысынындағы Заречный ауданында байге , қыз қуу, тенге алу, жаппай көкпар, көкпар және тағы сол секілді ойындар ойнатылды. Республикалық деңгейде өткен бұл жарысқа, Астана қаласы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облысы, Ресей Федерациясы қатысты. Байгеге Автокөлік ойнатылды, автокөлікті Алматы облысы Беріктас ауданынан келген боз бала еншісіне салды. «Арыстанда арыстандай жігіт алады» демекші, қазақ қанына сіңген ат құлағында ойнай, ағаларынан басып озып бірінші келіп Алматы облысынын қуантып тастады. «Баланың бетін қақпа, белін буу» деп атам қазақ бекер айтпасы анық, жастайынан осындай үлкен байгелерден орын алып, көзге түсіп жүрген жігіттің болашағы жарқын екені анық.

Көрерменде шек жок, облыс халқы түгел келген. Облыс әкімі қатысып, қазақтың жігіттерінің жеберлігін тамашалады. Осының барлығына Елбасымыздің сіңірген еңбегі баға жетпес. Жарысты ұйымдастырушы ІІД мен Облыс әкімдігі. «Диномо» спорт кешені «Көкпардан» 2 орынды иеленді, құрамында Академияның 1 курс курсанттары полиция қатарындағы Бекуыс Берік пен полиция қатарындағы Сейтмаханбет Рахат белсенді қатысты. Курсанттарымыз аударыспан спорт түрінен 2 орынды иеленіп, Академия атағын Дүркіретіп, асқағын асқақтатты. Курсанттардың жетістігін тамашалау мақсаты мен қолдау көрсету аясында 1 курс басшысының орынбасары полиция аға лейтенанты Қабылдин М.О. 1 курс курсанттарын ұйымдасқан түрде алып барды.

Академия басшысына, Академия басшысының орынбасары полиция полковнигі Каппасов Е.Т. мен 1 курс басшысының орынбасары полиция аға лейтенанты Қабылдин М.О. –ке өз атымнан және курсанттар атынан айтар алғысымыз шексіз. Осы қарқынмен курсанттарды тек жақсы жақтарына тәрбиелеу бағдарламасы өз бағыттын таба берсін деген тілек айтқымыз келеді.

1 курс басышының орынбасары
полиция аға лейтенанты
Қабылдин М.О.

Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі
полиция қатарындағы
Максетова Гүлнұр