Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары: үлкен рахмет, тағы келгіміз келеді!

Біліктілікті арттыру курстарының кезекті келуі сертификаттар тапсырумен аяқталды. Екі апта бойына ҚАЖ тәрбие аппараттарының қызметкерлері Қостанай академиясында оқудан өтті. Қылмыстық-атқару жүйесінің өзекті мәселелерін талқылау, сотталғандарды тәрбиелеудегі мәселелі сұрақтарды шешу, психологиялық дайындық – бұл біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының оқу уақытындағы өткен тақырыптарының кішкене тізімі. Сабақтардың көбі тренингтер түрінде өтті. Оқу сабақтарының бұндай түрлерін өткізудегі материалды ұғыну тиімділігі тыңдаушылардың пікірлері бойынша өте жоғары. Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/1 мекемесіне шығу сабағы, «Сотталғандармен тәрбие жұмысының әдісі мен инновациялық формалары» дөңгелек үстелі, сондай-ақ, кәсіби қызметіне қатысты сұрақтарды талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталды.

Тәжірибелік қызметкерлер Қостанай академиясының профессорлық-оқытушы құрамының жоғары кәсібилігін де атап өтті. Слепцов И.В., Тойматаев  Д.Б., Тулкинбаев Н.А., Эсов Б.К., Таукенова А.М., Волошина Т.А., Чиржова О.В., Анисимов А., Федотова Е., Туйганов М., Туретаев К.С., Смагулов М, Руденко Ж. —  осы аталған оқытушылардың аты-жөндері әр тыңдаушының сауалнамасында көрсетілген.

Тыңдаушылардың 90%-ы біздің қаламызда бірінші рет және оларға тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес облыстық өлкетану мұражайына,
І. Омаров атындағы қазақ драма театрына, Академия мұражайына   бару ұйымдастырылды.

Оқудың екі аптасын тыңдаушылар зымырап өтті дейді. Қорытынды бақылау барлық тыңдаушылардың оқу материалдарын ұғынғандықтарын көрсетті.

Септификаттарды тапсыру кезінде Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Ж. Нурушев барлық тыңдаушыларға әрі қарайғы қызметтерінде табыс тіледі. Сонымен қатар, ол, біліктілікті арттыру курстарындағы алынған білімді қолдану ҚАЖ әрбір қызметкерінің жоғары кәсібилігінің қадамы екендігін айтып өтті.


Әділет капитаны Тян Юлия: «ҚР ІІМ Қостанай академиясының оқытушыларына өткізілген сабақтар, тренингтер, шығу сабақтары, дөңгелек үстелдер үшін алғысымызды білдіреміз.  Сабақтарда біз өзіміздің қызметімізге қажетті көптеген жаңа, қажетті ақпарат алдық.  Тренингтерде бізге ашылуды, өзімізді және әріптестерімізді тануға үйретті.

Сондай-ақ, Слепцов Игорь Викторовитің сотталғандарды тәрбиелеу процесінде кездесетін бізді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алған сабақтарын ерекше атап өткім келеді.

Оқытушы Т.А. Волошинаның сабақтарында «Профайлинг» жеке жедел психодиагностика туралы өте қызықты болды, аталған термин бізге, сондай-ақ,  жаңа және қызықты болды. Тренинг қорытындысы мекемелердегі арнайы контингентті кәсіби зерделеуге көбірек мүмкіндік беретін білім болды».

Әділет аға лейтенанты Бустекбаев Нурболат: «Мен осы Академияның 2015 жылғы түлегімін, Академия қабырғасынан оқуымды аяқтап, қызметке кеткеніме үш жыл уақыт өтті, осы үш жыл ішінде Академия тек жақсы жағына өзгерген. Төрт жылымды өткізген ыстық ұяма қайта келу мен үшін қуаныш болды.

Академиядан алған білімімнің арқасында қысқа мерзім ішінде бөлім бастығы лауазымына көтерілдім. Сол үшін Академияның профессорлық-оқытушы құрамына үлкен алғысымды білдіремін.

Одан әрі білімімді шыңдау мақсатында Академия қабырғасына біліктілікті арттыру курстарына келдім. Осы екі аптада көптеген жаңашылдықтар мен жаңа білім алдым. Сонымен қатар, осы біліктілікті арттыру курстары барысында Қазақстан бойынша әріптес-достар таптым. Барлығы бір бағыттағы қызметкерлер болғандықтан, көптеген өзара кейбір мәселелердің шешімін тауып, пікір алмастық.

Бәрі өте ұнады, әсіресе, Слепцов И.В., Смагулов М.К., Федотова Е.С., Волошина Т.А. сабақтары өте қызықты өтті. Барлығына үлкен алғысымды білдіремін. Алған білімім қызметімде қажет болатынына сенімдімін.

Ал өзімнің алтын ұям – Академияма табыс, жетістіктер, гүлдене беруін тілеймін!».

Әділет капитаны Әшірхан Қаламқас: «Мен Қостанай академиясына біліктілікті арттыру курстарына екінші рет келіп отырмын және әрдайым оқу процесінің ұйымдастырылуына таңданамын. Бұл шыныменде біздің біліктілігімізді арттыру. Сабақтар қызықты, кейде тіпті ерекше өтеді. «АИТВ жұқтырғандардың құқықтарын қорғау», «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру», «ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі өзара әрекеттестіктің тиімді тәсілдері мен коммуникативті құзыреттілік», «ҚАЖ қызметкерлерінің эмоционалдық жануының алдын алу» тренингтері, «ІІО қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестігі, шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу дағдысына үйрету» шығу сабағы көптеген жаңашылдықтар мен танымдылыққа толы болды. Академияның барлық ұжымына үлкен алғыс! Тағыда келгіміз келеді!».








Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты

 

Слушатели курсов повышения квалификации: огромное спасибо,

хотим приехать снова!

Очередной заезд слушателей курсов повышения квалификации завершился вручением сертификатов. В течении двух недель сотрудники воспитательных аппаратов УИС проходили обучение в Костанайской академии. Обсуждение актуальных проблем уголовно-исполнительной системы, решение проблемных вопросов в воспитании осужденных, психологическая подготовка – это лишь небольшой перечень того, что слушатели курсов повышения квалификации  прошли за время обучения. Большинство занятий прошло в форме тренингов. Эффективность усвоения материала при проведения такого вида учебных занятий,  по отзывам слушателей повышается во много раз. Выездное занятие в учреждение УК 161/1 ДУИС по Костанайской области, проведение круглого стола «Инновационные методы и формы воспитательной работы с осужденными» также способствовало обмену опытом и обсуждению вопросов, касающихся профессиональной деятельности.

Отметили практические сотрудники и высокой профессионализм профессорско-преподавательского состава Костанайской академии.      Слепцов И.В., Тойматаев  Д.Б., Тулкинбаев Н.А., Эсов Б.К., Таукенова А.М., Волошина Т.А., Чиржова О.В., Анисимов А., Федотова Е., Туйганов М., Туретаев К.С., Смагулов М, Руденко Ж. —  фамилии этих преподавателей указаны практически во всех анкетах слушателей.

Около 90% слушателей впервые в нашем городе и в соответствии с планом воспитательной работы посетили областной краеведческий музей, Казахский драматический театр имени И. Омарова,  музей Академии.

Две недели обучения по словам слушателей пролетели очень быстро. Итоговый контроль знаний показал, что учебный материал усвоен всеми слушателями.

При вручении сертификатов заместитель начальника Академии полковник полиции Нурушев А.Ж. пожелал всем слушателям успехов в дальнейшей служебной деятельности. Также он отметил, что применение знаний, полученных на курсах повышения квалификации, это шаг к высокому профессионализму каждого сотрудника УИС.


Капитан юстиции Тян Юлия: «Хотим  поблагодарить   за проведенные занятия, тренинги, выездные  занятия, круглый стол преподавателей Костанайской академии МВД РК. На занятиях мы получили много новой, полезной информации, которая необходима нам в работе. На тренингах нас научили  раскрываться, узнать больше о себе, о коллегах.

Также, особо хотелось отметить занятия Игоря Викторовича Слепцова, который ответил на все интересующие нас вопросы, возникающие в процессе воспитания осужденных.

На занятиях у преподавателя  Волошиной Т.А. было интересно узнать об оперативной психодиагностики  личности «Профайлинг», данный  термин также был для нас новым, интересным. Итогом тренинга стали знания, которые позволят более профессионально изучать  спецконтингент на местах».

Старший лейтенант юстиции Бустекбаев Нурболат: «Я выпускник Академии 2015 года.  За эти три года много изменений в лучшую сторону, вернуться в родные стены для меня большая радость.

Благодаря знаниям, которые я получил в Академии, за короткий срок я стал начальником отдела и за это я благодарен профессорско-преподавательскому составу Академии.

В целях получить новые знания, приехал на курсы повышения квалификации. За эти две недели  получил много нового и познавательного для себя. А также, на данных курсах я нашел друзей-коллег со всего Казахстана. Мне было очень интересно с ними, мы обсудили общие проблемы, поделились опытом.

Все занятия прошли на «отлично», особенно хочу отметить занятия Слепцова И.В., Смагулова М.К., Федотовой Е.С., Волошиной Т.А. Большое спасибо всем преподавателям. Я уверен что эти знания мне необходимы в дальнейшем.

А своей родной Академии желаю удачи, успехов и процветания!».

Капитан юстиции Әшірхан Қаламқас: «Я уже второй раз приезжаю на курсы повышения квалификации в Костанайскую академию и всегда удивляюсь организации учебного процесса. Это действительно повышение нашей квалификации. Интересно и даже иногда необычно проводятся занятия. Тренинги «Защита прав ВИЧ-инфицированных»,  «Проблемы формирования антикоррупционного мировоззрения сотрудников  правоохранительных органов», «Коммуникативная компетентность и эффективные способы взаимодействия в деятельности сотрудников ОВД», «Профилактика эмоционального выгорания сотрудников УИС», выездное занятие «Взаимодействие сотрудников ОВД со средствами массовой информации, обучение навыкам публичных выступлений и ораторского искусства» принесли очень много нового и познавательного. Спасибо всему коллективу Академии! Мы хотим приехать сюда снова!».








Институт повышения квалификации и переподготовки