1 курс магистранттары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтуде

Ғылыми және педагогикалық магистратураның 1курс магистранттары академиялық жоспарға, магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 21 мамыры күнінен бастап А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтуде.

Тәжірибе өту барысында магистранттар университеттің заң факультетінде өзара білімдерімен алмасып және одан әрі шыңдалуда.

Қостанай мемлекеттік университеттің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Байсарин Бейбит Зинулович, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты С.К. Укин сынды ғалымдар Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарына тәжірибе жетекшісі болып тағайындалды.
Тәжірибеден өту барысында тағылымдама жетекшілері магистранттарымызды оқу орнының күн тәртібімен, сабақтар жүргізу нысандарымен, оқу полигондарымен таныстырды. Сонымен қоса, 1 курс магистрантары өздерінің ғылыми диссертациясына қатысты толғандыратын сұрақтарын қойып, кеңестер алуда.

Магистратура