АЛАШ АҚЫНДАРЫ ІЗІМЕН

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Мәдениет университетінің іс-шаралары аясында қазақтың ардақты лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында шығармашылық жиын өткізілді.

Жиын барысында ақын, аудармашы Жұмабаев Мағжан Бекенұлының өмірге келуінен бастап, оқып білім алған ордасын шалып, қысқа да мағыналы өмірінің өмірбаяны айтылды.
Мағжан Жұмабаев сауатын ауыл молдасынан сабақ алу арқылы ашып, әкесінің ықпалымен Бегішов медресесіне оқуға түседі. Өмірінәң келесі бес жылында қазақтың болашақ ағартушысы Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім алады. Мұнымен тоқтамай Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқуға түсіп, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. 1913 жылы оқуын тәмәмдап, 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік медальмен аяқтаған.


Қызметтік жолында қазақ журналдарын редакциялаумен бастап сонымен қатар халық ағарту ісімен айналысады.
Шығармашылық жиынның мақсаты қатысушы курсаттарға қазақ халқының көрнеті өкілі туралы маңызды ақпарат беріп, болашақта осы қайраткердің қызметі ұмытылмауын қамтамасыз ету болды.
Шығармашылық жиын академия құрамының 1-курс курсанттарының қатысуымен өткізілді.


Тілдер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Б.Султанов.

КОФ 1-курс басшылығы 1-курс старшинасы М. Қабылдин.

КОФ 1-курс баспасөз-қызметі полиция қатарындағы Д.Талғатқ