Қостанайлық жүйріктер жарысқа түсті

2018 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының стадионында Академиямен бірлесіп өткізген жоғары оқу орындары және колледж студенттері арасында Астана қаласының 20 жылдығымен Шырақбек Қабылбаевтың 110 жылдығына арналған қалалық жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Жарысқа Қостанай қаласында орналасқан ЖОО-лар мен колледждерден келген 200-ден астам желаяқ жүйріктері қатысып, бақ сынасты. Жарысқа қатысушылардың ішінде Академияның да курсанттары бар.
Жарыстың ашылу салтанатында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қаысушыларға сәттілік тіледі.
-Құрметі жарысқа қатысушы қонақтар Сіздерді алда келе жатқан Астана қаламыздың 20 мерейлі мерекесі мен және Шырақбек Қабылбаевтың 110 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі жарыста шын жүйріктер анықталып, жеңіс тұғырынан көрінулеріңе тілектеспін. Құрметті жастар әрқашанда осылай спортпен шұғылданып, еліміздің болашағы дені сау, білімді жастармен көбейе берсін. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Алға Қазақстан!
Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін жарысқа қатысушылар жеңіл атлетиканың 6 түрінен (100м, 200м, 400м, 800м, 1500м, эстафета 4х100м) жарысқа түсті.

Жарыс барысында барлық қатысушылар өздерінің шеберліктерін ортаға салып, жанкүйерлердің делебесін қоздырып, әдемі көңіл күй сыйлады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, ЖОО-лар арасында Академияның курсанттары мыңның арасынан жүйткігенде шашасына шаң жұқтырмай мәре сызығын бірінші болып өтіп, командалық есепте жоғары ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Ал екінші орынды Қостанай педагогикалық университетінің жүйріктері иеленді. Үшінші орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің қатысушылары қанағат тұтты.
Колледждер арасында бірінші орынды Индустриялдық педагогикалық колледжі, екінші орынды Қостанай әлеуметтік – техникалық колледжі, үшінші орынды Педагогикалық колледжінің студенттері алды.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов