Ы. Алтынсарин атындағы меморальды музейі

Қазақтың Ұлы педагог-ағартушысы Қостанай облысының тумасы Ыбырай Алтынсарин атамыздың республикалық дәрежедегі меморальды музейімен 102 оқу тобының курсанттары танысты. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жолдарына тоқтала кететін болсам, оңай болған жоқ, себебі Қазақ даласына Ресейдің отарлау саясатын енгізіп, өз қол астынан алу мақсатын жүзеге асыру барысында өтті. Сол уақыттарға еңсесін бермей, Қазақ деп соққан жүрегін одан әрі лаулатып, өзінің діттегеніне жетті десем болады. Ағартушы атамыз орыс мектебін үздік бітіріп, еліне сапалы қызмет атқарған. Өз басынан өткен жағдайларды, иделогиялық бағыттарды қорытындылай келе, Торғай ауданынан алғаш мектеп ашады. Неге Торғайдан деп, қызығушылық білдіретін болсақ, сол кездегі қазақ халқының көп шоғырланған мекені Торғай жері болған деседі. Мектепті Торғайдан ашудың бірден-бір себебі, қараңғы халықтың білімге деген сауатын ашу мақсатында өз қаражатынан мектеп ашты. Мектепке ең алғаш төрт бала келген, төрт баланың артынша аудан балалары келе бастаған. Сол алғашқы шәкірттері жайлы Ы.Алтынсарин былай деген екен «келген балалармен аш қасқырдай алыстым», атамыз шәкірттерін тек қазақ тілінде сауатын ашып қоймай, араб, татар, парсы, орыс тілінде жазу жазып, оқып, есеп шығарып, хат танып, еркін сөйлей алған. Көптен күткен мектептің ашылуы болған кезде, елестетіңіздерші Алтынсарин атамыздың көз қуанышын, көңіл қуанышының қандай керемет болғанын, «бұл мектептің ашылуы, ең ұлы той»- деп өз қуанышын білдірген. Айтқаны айдай келіп, шәкірттерін биікке шығарып, ізін жалғастырар шәкірттерді оқытып қазіргі ұрпақтар сауатты да салауатты өмір сүруде.
Бұл меморальдық музей туралыл алған әсерім; құрылысының өзі адамға жылулық білдіреді, қазақтың киіз үйімен сәйкестердіріліп салынған, іші керемет, ыңғайлы, кең орналастырылған, атамыздың сабақ өткізген сәттерін 3Д форматта мүсіндеп шығарған, құдды көз алдыңда тұрған секілді, Торғай ауданындағы алғашқы мектебі де солай келтірген, айта берсең сөзім көпір, өзім көл болатын секілдімін. Ұзын сөздің қысқасы, Республикада, Қазақ даласында бұндай музей біреу – ақ екен және ол Ыбырай Алтынсарин атындағы музей, мен бұл сөздерді өз ойымнан келтірген жоқпын, бұл ғылыми дәлелденіп жазылған сөздер.

Академия басшылығына өз атымнан 102 оқу тобының атынан айтар алғысым зор. Сабақтан бос уақытымызды пайдалы кеңестерге , ақпараттарға толтырып, келесі өскелең ұрпаққа үлгілі курсант болуға себепкер, әрі ең жоғары дәрежеде тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жатырсыздар.

Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі
полиция қатарындағы
Гүлнұр Максетова