Есте қалар ерлік

Ұлы отан соғысы ұлы майдан

Қан азапқа қасіретке толы майдан

Ел күйреп қажыттау қазағымды

Отан үшін соғысқан ұлы майдан

 

Бабаларым үлкен биік сатыларым

Білседе отан үшін атыларын

Ұрпағы үшін келешек басын тіккен

Ардагерлер кешегі батырларым

 

Бұл соғыста ерлігімен көрінген

Ардагерлер жыр арнадық шын жүректен

Үлгі болар барша халқынада

Баймағамбетов Сұлтандай нар тұлғаға

 

Жауларының басын жерге бұққан батыр

Жауларында ойсырата женген батыр

Ол дегенің көрсеткен нағыз ерлік

Ол дегенің Қостанайдан шыққан батыр

 

Атын қалдау жазылып мөр бетіне

Палуандар жүр қуанып тербетіле

Осы турнир аламан еркін күрес

Еске алуға арналад құрметіне

 

Жас ұрпаққа үлгі болар ерлігін

Ашып берген келешекке есігін

Сұлтан Баймағамбетов қаһарманғой

Ұмытпаймыз ол батырдың есімін

 

Жаратушы палуандарды қолдаған

Әрқашанда сәттілікті жолдаған

Тұлпарларды шынықтырар сайыста

Бақтан көрі бақ шабады шыққан

 

Палуандарға сәт сапарды тілейік

Бұл сайыста мықтыларды көрейік

Қазағымның түп түбінен жиналған

Палуандарға қошеметті төгейік – деп Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев Қостанай академиясының 2 – курс курсантарының батыр атамызға арнап шығарған жүрек жарды өлең шумақтарымен басталған, мамырдың 11 – 13 күндері аралығында Қостанай қаласы ДСҚ «Динамо» спорт кешенінде самбо күресінен 2002 – 2004 жылы туылған жасөспірім ер балар және қыз балалар арасында Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, Отаны үшін аянбай көзсіз ерлік танытқан батыр атамыз Сұлтан Баймағанбетовті еске алуға арналған Республикалық турнир өткізілді.

Жарысты өткізуден негізгі мақсат қазіргі және келешек ұрпақтардың осындай батыр аталарымыздың ерліктерін ұмытпай, әр дайым ұран қылып, жадыларында мәңгі сақтауы қажет. Өйткені бұлай бейбіт әрі тыныш өмір сүріп жатқанымыз осындай батыр бабаларымыздың арқасы. Біз келешек ұрпақ ата – бабаларымызға алғыс ретінде ең болмағанда осындай жұрт жйылған байрақты іс – шараларды өткізіп, батыр бабалар аруағына тағзым етуіміз парыз.

Бұл турнир осымен Қостанай облысы самбо күресі және жауынгерлік самбо федерациясы президентінің, Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының, сонымен қатар Қостанай облысы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасы бірінші орынбасарының және Қостанай академиясы басшылығының қолдау көрсетіп, үлес қосуы арқасында ЖжДД кафедрасының оқытушы – жаттықтырушылар мен курсанттарының ұйымдастыруында 6 – рет өткізіліп отыр. Бәсі жоғары бұл доданы ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін ҚР чемпионатына дайындық және соның бастамасы ретінде жоспарланған болатын.

Турнирге еліміздің 6 – аймағынан, атап айтсақ Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау облысы және Ақмола облысы, сондай – ақ Астана қаласынан  90 – ға жуық самбошылар қатысты.

Барша келген көрермендерді жарыс қатысушылары жасаған керемет айла – тәсілдерімен және қайтпас мінезділіктері таң қалдырды, әсіресе бұрымдыларымыздың самбо күресіне деген талпыныстары мен көрсеткен құрметтері таңдай қақтырмай қоймады. Самбошылардың жеңіске деген құлшыныстары олардың жүздерінен байқалып тұрды. Бірінің  бағы мен бабы қатар шауып жатса, екінші бірі жарысты жарты жолдан аяқтап жатты. Жалпы бұл жарыстан қатысушылар өздеріне қажетті мол тәжірибе мен күш жинақтады деп сеніммен айта аламыз.

Турнир аяқталған соң мамырдың 14 – 16 аралығында «Еңбек» спорт кешенінде осы алты аймақтан келген қатысушылармен бірлесіп үш күндік оқу – жаттығу жиыны өткізілді. Жаттығу барысында алтын уақыттарын бөліп, жас палуандарға шеберлік сағатын өткізген дзюдодан Әлем және Еуропа жеңімпазы, ХДСШ Дайырұлы Талғат Аубакіров ағамызға, дзюдо күресінен Қазақстанның жалғыз КСРО жеңімпазы, Атланта Олимпиада ойындары және Әлем чемпионатының қатысушысы, ХДСШ Аширов Сергей Сеноровичке, дзюдодан Азия ойындары және чемипионатының жеңімпазы, Сидней Олимпиада ойындары және Әлем чемпионатының қатысушысы, Наурызым ауданының тумасы Баглаев Иван Васильевичке, Түркменстан және Ресей Федерациясының самбо күресі мен дзюдодан еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші, шеберлер арасында Европа чемпионы және Әлем Чемпионатаның жүлдегері Мкртычан Сурен Людвиговичке және Шеберлер арасындағы әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қостанай облысы самбо күресі федерациясының президенті Ермағамбетов Нұржан Бегайдарұлы ағаларымызға алғысымыз шексіз!

Бас төреші: ҰДТ, Ержан Кабидуллинов 

Бас төрешінің көмекшісі: ҰДТ, Мылтықбай Абдуайтов (Қостанай обл)

Бас хатшы: 1ДТ Мөлдір Алданова (Қостанай обл)

Академияның курсанттар

баспасөз қызметінің мүшесі

полиция қатарындағы

 Тұрсынбай   Думанжан

 

Турнирдің жалпы нәтижесі: Ер балалар

42 кг

  1. 1. Әлжанов Мағжан (СК «Евразия», тр. Е.Мовчан)
  2. 2. Тулендин Али (Астана қ. тр. Ж.Айткулов)
  3. 3. Санкин Темирлан (Кост. р-он, п.Александровка, тр. А.Сейдахметов)
  4. Бериков Дидар ( Астана қ. тр. Ж.Айткулов)

46 кг

  1. Аманжолов Нұртілеу (ШҚО, Семей қ., тр. Е.Джантасов, Б.Көшкінов)
  2. Джанай Аслан (г.Костанай, тр. И.Сорокин, Е.Кабидуллинов)
  3. Сайлыбаев Ғалымжан (ШҚО, Семей қ., тр. Е.Джантасов, Б.Көшкінов)
  4. Ізтөлеу Ермұхан (Қар-ды обл, Жанарқа, тр. Е.Изтулеуов)

50 кг

  1. Алпысбаев Бекзат (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)
  2. Калиханов Данияр (г.Костанай, тр. И.Сорокин, Е.Кабидуллинов)
  3. Жанділда Нұрдаулет (Астана қ. , тр. Ж.Ескалиев)
  4. Ахметкалиев Олжас (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

55 кг

  1. Нурлан Жаксыкелді (Қар-ды обл, Жанарқа, тр. Е.Изтулеуов)
  2. 2. Баймешов Султан (Аулиекольский р-н, тр. Н.Умирбаев)
  3. 3. Сейткалиев Бекзат (СК «Евразия», тр. Е.Мовчан)
  4. 3. Төлеубеков Мақсат (ШҚО, Семей қ., тр. Е.Джантасов, Б.Көшкінов)

60 кг

  1. 1. Аманбай Болат (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)
  2. 2. Орынтаев Руслан (Астана қ. , тр. Ж.Ескалиев)
  3. 3. Алибеков Руслан (Кост. р-он, п.Александровка, тр. А.Сейдахметов)
  4. 3. Мояк Никита (ФСО «Динамо», тр. И.Сорокин, Е.Кабидуллинов)

66 кг

1 Ихсанов Ильяс (БҚО, Бурлинский р. , тр.К.Каженов)

2 Турсынбеков Темирлан (№23 СШ  , тр. К.Исмагулов)

3 Дюсекин Диас (Костанайский р-он  , тр. Д.Файзолла)

3 Баймухамбетов Ерсултан (Астана қ. , тр. Ж.Ескалиев)

72 кг

1 Бауыржан Серік (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

2 Мухеев Тимур (г.Костанай, тр. И.Сорокин, Е.Кабидуллинов)

3 Тирбергенов Асет (г.Рудный, тр. Б.Ибрашев)

3 Әбдіқайым Абылай (КГПИ, тр.Н.Бекентаев)

78 кг

1 Молдахметов Ансаган (г.Рудный, тр. Б.Ибрашев)

2 Мекешов Құдайберген (Атырау қ., тр. Б.Кушкаров)

3 Ерік Бейбарс (Астана қ. , тр. Ж.Ескалиев)

84 кг

1 Бакаев Александр (г.Рудный, тр. Б.Ибрашев)

2 Кабаков Амир  (БҚО, Бурлинский р. , тр.К.Каженов)

3 Ныгыметжан Алдияр (Астана қ. , тр. Ж.Ескалиев)

3 Кривоносов Иван (Кост. р-он, п.Александровка, тр. А.Сейдахметов)

+ 84 кг

  1. Хамзин Дамир (БҚО, Бурлинский р. , тр.К.Каженов)
  2. Иргалиев Алдияр (Кост. р-он, п.Заречный, тр. Р.Мухамеджанов)

Қыз балалар:

                                               44 кг

1 Бахытбекова Зубаржат (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

2 Бердыгулова Гульдана (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

3 Шакирова Инжу (СК «Сұңқар», Н.Бекентаев)

                                               48 кг

1 Ибраева Гульнара (СК «Евразия», тр. Е.Мовчан)

2 Өтеген Тоғжан (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

3 Мухамедиянова Альфия (СК «Евразия», тр. Е.Мовчан)

3 Аймакова Аида (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

52 кг

1 Тлеуберген Тансұлу (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

2 Ержеткенова Нурила (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

3 Нурбаева Мадина (Астана қ. , тр. Ж.Айткулов)

3 Кушаева Регина (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

                                               56 кг

1 Динишева Сабрина (СК «Евразия», тр. Е.Мовчан)

2 Жамсап Шұғыла (Қар-ды обл, Жанарқа, тр. Е.Изтулеуов)

3 Ускенбаева Эльмира (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

                                               60 кг

1 Атантаева Азиза (г.Костанай, тр. И.Сорокин, Е.Кабидуллинов)

2 Сыздық Әлия (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

                                               65 кг

1 Сүлейменова Риза (БҚО, Бурлинский р. , тр.К.Каженов)

2 Габдуалиева Эльмира (г.Рудный, тр. Б.Шеденов)

3 Тулеуова Зарина (СК «Сұңқар», Н.Бекентаев)

                                               +70 кг

1 Мусабаева Зарина (Кост. р-он, п.Заречный, тр. Р.Мухамеджанов)