ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӨРНЕКТІ АҒАРТУШЫСЫ

2018 жылдың 20 мамырында 214 топтың курсанттары кураторымен бірге Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдың мұражайына мәдени экскурсияға қатысты. Осы экскурсия барысында  туристік гид жастарға Ыбырай Алтынсарин — ірі қоғам қайраткерінің өмір баяның, әлеуметтік қызметін көрсетіп, негізгі рөлді атап өтті.

Ыбырай Алтынсарин (1841—1889 жж.) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.

Мұражайының экспедиторы Ы.Алтынсарин туралы: «Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды» — деді. Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.

Ыбырай Алтынсарин Торғай облысының аумағында бастауыш білім берудің бастаушысы болды және халықтың білімін дамытуға үлес қосты.

Ыбырай мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды, —  деп айтылды.

Жалпы, жастардың мәдениетін, адамгершілігін дамыту үшін, осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыруға қажет.

              213, 214 топтардың кураторы, полиция капитаны А.Наурзбаева