Президенттік көп сайыс

2018 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт алаңында 1-3 курстар аралығында «Президенттік көп сайыстан» спорттық жарыс өтті. Қатысушылар 2 қашықтыққа ұлдар – 2400 м, қыздар 800 м қашықтыққа жүгірді. Сайыстың шарты бойынша әр курстан 80 ұл, 30 қыз қатысуы тиіс. Курстың көрсеткішін ең соңғы жүгіріп келген қатысушының уақытымен есептеді. Командалық көрсеткіште 11.16 минутта келген 2 курс курсанттары 1 орынды қанжығасына байлап , 1- 3 курсты артта қалдырды . 11.22 минутта жүгірген 1 курстың желаяқ жігіттері 2 курстан не бәрі 6 секундқа қалып 2 орынға ие болды. 3 курс курсанттары 12.05 минутта жүгіріп 3 орынды қанағат тұтты.

Өз қарсыластарынан айқын басымдылықпен  жеңген 1 курс курсанты В. Полукееваның көрсеткіші 2.50 минут, 3 курс курсанты Н. Сенекина 3.04 минутта келіп 2 орынға ие болды, ал 3 орынды 3.10 минутта келген 2 курс курсанты О.Чужинова алды. 2800 метр қашықтықта жақсы нәтиже көрсеткен 1 курс курсанты А. Бейімжанов 8.25 минутта , 3 курс курсанты Р. Сейтхан 9.28 минутта, 2 курс курсанты Д. Шафиғолла 9.42 минутта мәре сызығын кесіп өткен.

Академия бастығы полиция генерал-майоры М.А Қызылов мырза қатысушыларға сәттілік тілеп келесі сайыстарға бұданда жоғары көрсеткіш көрсетулеріне тілектестік білдірді.

Қатысушылар арасында бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды, сайыс қызықты әрі тартысты өтті.




1 курс курсанты

С.Н. Нақыпбеков