АРДАГЕРЛЕРІМІЗДІ АРДАҚТАЙЫҚ

2018 жылдың 28 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 310 курсанттары Ұлы Отан соғысының ардагері Малыгин Виктор Михайловичті келе жатқан Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен өздері жасаған ашық хаттары мен өлеңдерін оқып, гүлдерін сыйлап, шын жүректен құттықтады.

Сонымен қатар 310 оқу тобының курсанттары «Жас келсе – іске» деген. Қыздар қарияның үйін жинастырып, есік-терезелерін жуды. Ал ұлдар бақшаны ретке келтіріп, жерін қазып берді. Қарияның сексеннен асқан жұбайы жастарға алғысын айтты. Күн жылынған соң курсанттар майдангердің бақшасына қызанақ пен қияр егу үшін тағы баратын болып келісті. Қазір тоқсан үшке келген  ардақты ардагер онсегіз жасында майданға шақырылып 1943-1946 жылдары әскер қатарында болған. 1-ші, 2-ші Украина және Белоруссия майдандарына қатысқан. Ұлы Отан соғысы 2-ші дәрежелі орденмен және 3-ші дәрежелі Слава ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Осындай ардагер болашақ құқық қорғаушы жас курсантқа үлгі, өнеге болары анық.

Жалпы ардагерлерімізді құттықтау, оларға қамқорлық жасау Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың әр қашанда қолдауына ие және  жыл сайынғы дәстүрге айналды.

 «Тазалық-саулық негізі» демекші курсанттар ардагерлердің ауласын көктемгі қар мен қоқыстан тазалауға шын құлшыныспен, ынтамен қатысады. Осындай көмек Қостанай қаласында 59 майдангер болса, соның  21 ардагеріне үй шаруасы бойынша, пәтерін,ауласын тазалауға және бақшаның жерін қазуға көмек көрсететін болады.                                                                                         Жалпы мұндай курсанттардың тарапынан жасалынған қамқорлық олардың Отан үшін жан қиған аталары мен әжелерінің, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, батылдық пен шыншылдыққа баулу, қиындықты жеңуге, достарына адал болуға, табиғатты, туған елін сүюге тәрбиелеуге бастайды.




310 топ кураторы полиция аға лейтенанты

Қ.Мырзахмет