Білімді шыңдаудың бір түрі

Алған біліміңді тәжірибеде қолдана білу және де тәжәрибесі мол тәлімгер оқытушылардан оқу үрдісінің озық үлгілерін меңгеру әрбір жас маманның міндеті. Осы орайда 2018 жылдың 5 мамырында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары   полиция капитаны Ж. Сабырбеков пен әділет аға лейтенанты А. Бердекешова ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасында ғылыми танысу практикасынан өтті.

Жас маманның жігерін жетілдіріп, жұмысқа деген дұрыс көз қарасын қалыптастыру жолында тәжірибесі мол тәлімгердің орны айтарлықтай жоғары. Магистранттарға тәлімгер ретінде кафедра бастығы полиция полковнигі Н. Тулкинбаев тағайындалды. Практика барысында магистранттар екі апталық мерзімде ведомствалық жоғары оқу орындарында білім беру процесін қалай ұйымдастырумен, кафедра жағдайымен, қажетті қызметтік құжаттармен т.б. жұмыс түрлерімен танысты.

Практика нәтижесі бойынша магистранттар атқарған жұмыстары жайлы есеп дайындап, қорытындылады.


Шырақбек Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының ғылыми педагогикалық магистратурасының

1 курс магистранттары полиция капитаны Ж. Сабырбеков