Академия басшылығы «Жеңіс саябағындағы» ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлер рухына тағзым етті

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

 Бүгінгі ешкімге жалтақтамай Тәуелсіз ел болып бақытты өмір сүріп отырғанымыз сол ата-әжелеріміздің жемісті жеңісінің арқасы. Кейінгі ұрпаққа бақыт сыйлаған аталарымызды еңбегін бүгінгі ұрпақ еш уақытта ұмытпайды.

Сол аталарымыздың рухына тағзым ретінде жылдағы дәстүр бойынша Жеңіс саябағында гүл шоқтар қойылып, бір минут еске алынады.

Бүгін 9 мамыр күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылары және 100-ден аса курсант орталық алаңға шығып, Жеңіс күніне арналған салтанатты шеруге қатысты.

Қала орталығында барша жиналған қауымды Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов  Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады. Әкімнің құттықтауынан кейін әскери саппен  шерушілер «Жеңіс саябағына» жол тартты.

Шерушілер «Жеңіс саябағына» келген соң, соғыста құрбан болған ата-әжелеріміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут  үнсіздікпен еске алды.

Еске алушылардың ішінде Қостанай академиясының бастығы полиция генерал – майоры Мирлан Қызылов және Академия ардагерлер  кеңесінің төрайымы отставкадағы  полковник Бисұлу Мукажанова  және академия бастығының орынбасарлары ескерткіш басына естелік гүл шоғын қойып, аруақтарға бас иді.

Салтанатты рәсімнен кейін қалың жұрт әскери ботқадан дәм татывп, естелік фото суреттерге түсіп, бір-бірін Ұлы Жеңістің мерекесімен құттықтады.