«Отан қорғаушылар күні» мерекесі аталып өтті

Аға ұрпақ пен жас буынды қорғап қызметте айтулы үлес қосқан жандарды, тәуелсіздігіміздің тірегін біз әрқашан мақтан тұтамыз. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні әрбір тұлға үшін жанына жақын мерекелердің бірі болып табылады. «Еліміздің қорғаны – ерлер» демекші осы айрықша маңызы бар мерекеге орай ағымдағы жылдың 4 мамырында «Мирас» қалалық мәдениет үйінде Академияның ер-азаматтары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке оқу орнымыздың барлық ер-азаматтары, сонымен қатар мерекенің құрметті қонақтары, оқу ордасының ардагерлері де шақырылды. Мерекелік шара Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызыловтың құттықтау сөздерімен ашылды.

Отан қорғаушылар туралы сөз қозғалған кезде, біз Отан үшін жанын қиған абзал жандарды, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қан төгіп шайқасқан мыңдаған қазақстандықтарды, құқық қорғау органдарының қызметтік міндеттерін орындау барысында өз өмірлерін қиған жандарды еске алмай тұра алмаспыз. Сол себепті халқы үшін өз өмірлерін қиған жандардың құрметіне «үнсіздік минуты» жарияланды. Мереке барысында оқу орнымыздың бірқатар қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал орындап, қызметте көрсеткен жетістіктері үшінқұрмет грамотасымен, мадақтамалармен, алғыс хаттармен, медальдармен марапатталып жатты. Сондай-ақ Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында өткізілген әскери-қолданбалы сайыстан 2-ші орынды иеленген Академия командасы мен Алматы қ. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында өткізілген жекпе-жек сайысынан жүлделі оралған жеңімпаздар марапатталып, аталмыш іс-шара ер-азаматтардың құрметіне дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Әйелдер қауымы тарапынан жан тебірентерлік жылы лебіздер мен құттықтау сөздері айтылып,көптеген әскери-патриоттық рухтағы әндер шырқалды.

Ел тыныштығын күзететін жігерлі күш иелерін, айбынды алаш ұлдарымызды осы айтулы мереке Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің қай кезде болмасын орны бөлек екені рас. Себебі, абзал азаматтарымзға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Академия баспасөз қызметі

 













 

ЗАЩИТНИК ОТЕЧЕСТВА – ГОРДОСТЬ РЕСПУБЛИКИ

 26 лет назад, 7 мая 1992 года Президент Республика Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал указ о создании национальных вооружённых сил.  В этот день, согласно сложившейся традиции, отличившимся военнослужащим присваиваются очередные воинские звания, вручаются награды. Этот день воплощает в себе непрерывность передачи традиций служения Отечествуи историческую хронику героических подвигов казахстанцев.

Поздравляли с этим замечательным днемвсех мужчин Костанайской Академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева, прекрасная половина академии. Праздничный концерт в честь празднования Дня защитника Отечества состоялся в областном дворце культуры «Мирас» 4 мая 2018 года. На концерт были приглашены офицеры, курсанты, ветераны и многоуважаемые гости.

7 мая это не только праздник, когда говорятся слова благодарности, вручаются награды нашим защитникам Отечества, это день, когда мы чтим память защитников, которых с нами уже нет. Поэтому концерт начался с минуты молчания в память тех, кто отдал жизнь служа Отечеству.

В честь мужчин в этот вечер звучали песни, исполнялись народные танцы, были показаны различные концертные номера. Первыми поздравить защитников Отечества выпала честь вокальной группе 1 и 2 курсов Костанайской Академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева «Арман» с песней «Атамекен».

Поздравил, традиционно, с этим знаменательным праздником начальник Костанайской Академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева, профессор, генерал-майор полиции Кызылов МирланАхмедиевич. В этот день офицеры, курсанты, сотрудники нашей академии были награждены грамотами, письмами благодарности, присваивались очередные звания.

Прозвучало видеопоздравление от депутата Мажилиса Республики Казахстан Ароновой Ирины Петровны. Сильную и храбрую половину нашей академии поздравил Костанайский филиал Челябинского государсвенного университета, а также Общественны фонд «Гражданский альянс Костанайской области «ГрИн»». Под занавес торжественного мероприятия прозвучала песня «Офицеры».

Пресс-служба курсантов академии