Жедел-іздестіру қызметі кафедрасында практика жұмысын қорғау

2018 жылғы 3-ші мамырда,  жедел-іздестіру қызметі кафедрасында ғылыми және педагогикалық магистратурасының1-курс магистранты, әділет аға лейтенанты Романов Біржан Пернебекұлының практикалық жұмысын  қорғау өтті.

Тәжірибе 2018 жылдың 9-29- сәуір аралығында өтті. Комиссия мүшелері ЖІҚ кафедра қызметкерлері, ЖІҚ кафедра бастығы, полиция полковнигі К.И.Юдаковтың басшылығымен болды.

Магистрант тәжірибенің  нәтижелері бойынша, әңгімелеп берді, сонымен қатар дайындалған оқу-әдістемелік материалдар, және мақала туралы айтып берді.

Комиссия тәжірибенің нәтижелерін бірауыздан оң бағалап, одан әрі жұмысқа табыстар тіледі.



1 курс магистранты

әділет аға лейтанты

Б.П.Романов