Қазақстанның бірлігі, ақылдың кеңдігі!

«Қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсіреген, күшейсе – бірлікпен күшейген» -деп, ащы болса да, шындықты айтқан Елбасы, барлығымызды бірлікке, достыққа, ынтымаққа шақырады. Егер бізді әлсірететін сыртқы және ішкі факторларға берілетін болсақ, қанша төккен маңдай теріміз зая кетеді. Ел болып бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алатын болсақ қана, қандай да болмасын факторлар бізге әсерін тигізе алмайтыны айдан анық. Күнделікті болып жатқан сырт елдердегі оқиғаларды мысал етуге болады, қантөгіс, тұрақсыздық салдарынан қаншама елдердің құрдымға кетіп бара жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан, барлығымыз бір жіптен ұстайтын болсақ, әлі талай белестерді, шыңдарды бағындырармыз. Міне осы бір жүрекке жылы лебіз сыйлайтын, Отансүйгіштікті оятатын, бірлік пен достықтты нығайтатын Елбасының сөздерін басты мақсат етіп КОФ 3 курс 302 және 308 оқу тобының курсанттарымен кураторлық сағатында «Қазақстанның бірлігі, ақылдың кеңдігі!» атты 10 минуттық тренинг жаттығуларын өткіздік. Тренинг «Үш жүз, төрт аймақ», «Бір мақсат» атты жаттығулардан тұрды.


Тренинг барысында курсантттар бір-біріне сыйластықтарын, алғыстарын, достық жылы сезімдерін білдіре отырып, бүгінгі тренинг жаттығуы 10 минуттық болса да, бірақ курсанттардың бір-біріне айтқан тілектері жүректен жүрекке шын ниетпен жеткені көрініп тұрды.

Тренинг соңында осы берекеміз, бірлігіміз ұзағынан болсын деп тілей отырып, еліміз тыныш, достығымыз нық, бірлігіміз бір тұтас, ақыл-санамыз кең болсын!

302 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А.Б.Досмаилова

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева