Сәтті өткен кезекті сейілдеме

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында 101 оқу тобының курсанттарына тағы да қала шығып, экскурсия ұйымдастырылды. Курсанттар оқу орнымыз орналасқан Абай көшесінен серуенді бастады. Абай көшесінде орналасқан, кеңес және қазақстандық боксшы Александр Мирошниченконың бокс мектебіне барды.

Аты әлемге әйгілі болғанымен, атын естігенімен оның өмірбаянын әркім біле бермейді. Бокс мектебінде 16 жасында «КСРО спорт шебері» атағын иеленген Александр Мирошниченконың өмірбаянымен, жеткен жетістіктерімен танысты.

Одан әрі қарай қаланың біраз тарихи жерлерімен танысқан курсанттар уақытының бір бөлігін «Дельфин» балалар үйіне арнауды жөн көрді. Балалар үйінің ұжымы әрдайым, тұрақты негізде көмек қолын созатын Академия курсанттарын қуана қарсы алды.

Қалаға экскурсиядан басталған сейілдеменің соңын қайырымды іспен аяқтағандарына курсанттар өз-өздеріне риза болды. Және де әрбір топ ата-ана жылуынсыз қалған балаларға шамалы уақыт тауып, көмек қолдарын созып тұрса екен деген тілектерін айтты.


А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты