Қала орталығына саяхат

Сәуір айының 29 – ы күні Қазақстан Републикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 304 – оқу тобы топ кураторы тілдер кафедрасының оқытушысы, полиция лейтенанты Оразбаева Мадина Мұқашқызымен бірге қала орталығына және орталық саябақ жанында орналасқан «Қазақстан» кинотэатрына жаңа фильмдерді тамашалауға барды.

Сондай – ақ, орталық саябақта жүрген қарт ардагерлерге жол көрсетіп, көмек беріп естелікке суретке түсті. Қостанай облысы әкімдігінің алдында орналасқан орталық алаңда алдағы мерекелерге, соның ішінде Ұлы жеңіс және ҚР Қарулы күштер күніне дайындық қызу жүруде. 304 – топтың курсанттары дайындық жүргізіп жатқан  мерекелік парадқа шығушыларға  біршама өз ақыл – кеңестерін  айтты.

Жалпы қаланың тазалығы мен орталық саябағында еркін серуендеп демалып қайтқан 304 – топ курсанттарының көңіл – күйлері  өте тамаша. Алдағы уақыттарда тағы да шығып, басқадай орындарға тамашалауға баруды жоспарлап отырмыз, – деді топ кураторы Мадина Мұқашқызы.

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан