Әскери кросс

2018 жылдың 28 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясында 1-3 курс курсанттарының арасында әскери эстафета өткізілді.

Әскери эстафета – бұл салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрін дамыту, бұл курсанттардың патриоттық сезімдерін тәрбилеу бағдарламасының бөлігі.

Сайыс бағдарламасы 600 метрлік эстафетадан, АК-74-ті уақытқа шашып жинаудан, дәлдікке гранатты лақтыру, жарақат алған адамға бірінші медициналық көмек көрсету біліктілігінен және де әрбір қатысушы курсанттың бойында бірлік пен ұйымшылдық қасиеттерін талап ететін топтық әрекеттерден тұрды. Әр курстан 5 курсанттан тұратын топтар құрылды, біренеше белгілерден тұратын эстафетада курсанттардын ептілігі мен дәлдіктері саналатын кедергілерде болды.



Бұл эстафета жан-жақты физикалық тәрбиленген, шеберлік пен біліктілікті талап ететін әр-түрлі экстремалдық жағдайларда әрекет ете білетін болашақ офицерлерді дайындауда және дене шынықтыру төзімділігін күш қуатын,шеберлігін және әскери – тәжірибелік дағдыларын дамыту болып саналады.



Спорт адам өмірінің ажырамайтын бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, курсантардың дене дайындығын тәрбиелеу мен дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, демалыс күндері Академия аумағында мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция катарыңдағы Өтешқалиев Е.Д