Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша тренингтер


Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына тигізіп отырған теріс ықпалын сөзбен айтып жеткізу қиын. Қандай да болмасын мемлекеттің өмір сүру сапасының жоғары деңгейде болуы оның азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарының нақты қалыптасуында болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарында білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасының құрылымын төрт компонентке бөлім қарастыруға болады: танымдық, құндылықты-нормалық, сезімді-еріктік, әрекетті-практикалық.

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы танымдық көзқарас жемқорлықтың мәнін құбылыс ретінде танып білуге септігін тигізеді;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықты-нормалық көзқарас курсанттардың құндылықтарын, идеалдары мен өмірлік ұстанымдарын, сонымен қатар жеке тұлғалық қатынастар мен қоғамдық қатынастардың негізінде жатқан нормаларды құрайды;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімді-еріктік көзқарас қалыптасқан құнды қасиеттерді жан-жағындағы адамдарға жеткізе білу және осының негізінде қандайда бір жақсы іс-әрекеттер жасауға психологиялық жағынан дайын болуды білдіреді.

— әрекетті-практикалық компонент курсанттардың белгілі бір қалыптасқан жағдайда өзінің құндылықтарына, идеалы мен сеніміне сәйкес әрекет етуге көмектесуге мүмкіндік туғызады.

Осы аталған компоненттерді жүзеге асыру үшін оқытудың белсенді түрлерін қолдану қажет. Сонымен қатар қазіргі білім алушы үнемі жаңашылдықты қажет ететін даму үстіндегі тұлға екенін ескеруіміз қажет. Осының негізінде, біз дәстүрлі және тренинг түріндегі сабақ оқыту әдістемесін қолдана отырып, тепе-теңдікті ұстап отыру қажет деп ешештік.

Біздің мемлекетіміздің құқық қорғау жүйесінің әрбір қызметкерінің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты кәсіби қалыптасқан стандарттардың болуына сабақ оқытудың осы түрлерін қолдану жолдарымен қол жеткізуге болады. Біз осы әдістемені екінші жыл қатарынан қолданып, жетілдіру үстіндеміз. 2018 жылғы сәуір айында 205-207, 210, 212, 214 оқу топтарында, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарымен тренингтер өтті.

Осы тренингтердің мақсаты жемқорлықты әрекеттердің табиғатын зерттеу, сонымен қатар болашақ және қазіргі полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болып табылады.

Белгілі бір шеберлікті дамытумен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттырады, бұл қасиеттердің тек кәсіби қызметінде ғана емес, басқа да іскерлік қатынастарда қажеттілігі туындауы мүмкін.

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология

кафедрасының аға оқытушысы Андрей Анисимов

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы

Елена Федотова

 

Апрельские тренинги по формированию антикоррупционного мировоззрения

Переоценить негативное влияние коррупции на развитие общества невозможно. Поэтому залогом высокого качества жизни населения любого государства является сформированное антикоррупционное мировоззрение его граждан.

Структуру антикоррупционного мировоззрения, обучающихся в вузах МВД Республики Казахстан, можно представить четырьмя компонентами: познавательным, ценностно-нормативным, эмоционально-волевым и действенно-практическим.

— Познавательный компонент антикоррупционного мировоззрения включает в себя знания о сущности коррупции как явления

— Ценностно-нормативный компонент включает в себя ценности, идеалы и принципы поведения курсантов, а также усвоенные ими нормы, лежащие в основе межличностных и общественных отношений.

— Эмоционально-волевой компонент характеризует собой эмоциональную окраску сложившихся ценностей и соответственно, психологическую установку на готовность совершать поступки в соответствии с ними.

— Действенно-практический компонент предполагает готовность курсантов поступать в конкретных ситуациях определенным образом в соответствии с ценностями, идеалами и убеждениями.

Сегодня чтобы реализовать перечисленные компоненты необходимо использовать активные формы обучения. При этом необходимо учитывать, что современный учащийся постоянно развивается, находясь в современном мультимедийном пространстве, когда на него осуществляется одновременное воздействие по нескольким информационным каналам. Таким образом, мы пришли к выводу, что современное обучение требует постоянного поиска баланса традиционных и тренинговых форм обучения.

Наличие четких, профессионально осмысленных антикоррупционных стандартов в повседневной деятельности каждого сотрудника правоохранительной системы нашего государства достигается путем правильного сочетания вышеуказанных форм обучения. Второй год нами осуществляется работа по совершенствованию выбранного направления. В апреле 2018 г. проведены тренинги в 205-207, 210, 212, 214 учебных группах, а также c магистрантами 1 курса научно-педагогической магистратуры.

Целью их проведения является изучение природы коррупционного поведения, а также формирование устойчивой антикоррупционной позиции будущих и действующих сотрудников полиции.

Кроме развития определенных умений, участники повышают антикоррупционную грамотность, которая затем повлияет не только на профессиональную деятельность, но и будет востребована в любых других деловых отношениях.

 

Старший преподаватель кафедры уголовного, уголовно-исполнительного права

и криминологии Андрей Анисимов

Старший преподаватель кафедры педагогики и психологии Елена Федотова

___________________________________________________________________________________

 

2-учебная группа
205-учебная группа
206-учебная группа
207-учебная группа
210-учебная группа
212, 214 -учебная группа