Жолдаудың жетінші бағыты – «Латын әліпбиі: Елімді қорғаймын, болашақты қолдаймын, жаңашылдықтан қорықпаймын!» атты дөңгелек үстел өткізумен жүзеге асты.

Биылғы 2018 жылғы Елбасы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағыты үлкен басымдыққа ие болып отыр. Осы бағытта қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты.

Еліміз тәуелсіздік алып, тіліміз бен салт-дәстүрімізді, тарихи құндылықтарымызды енді түгендеп, қазыналарымызды қайтарып жатқан тұста қазақ әліпбиін латынға көшіру туралы пікір айтқан ғалымдарымыз, саясаттанушыларымыз болды. Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туып отыр.

Осыған байланысты жолдаудың жетінші тарауын орындау және осы нақты міндет туралы курсанттарға түсіндіру мақсатында 302 және 308 оқу тобында кураторлық сағатта дөңгелек үстел өтті. Кураторлық сағаттың қадірлі қонағы ретінде Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Айткулов Қайрат Жаукенұлын шақырған болатынбыз.


Дөңгелек үстел өту барысында латын әліпбиіне көшкеніміз жайлы, сонымен қатар бекітілген әліпби ондағы өзгертілген қаріптері туралы сөз қозғалды. Өткен дөңгелек үстелдің нәтижесі мен жемісі ретінде кураторлар мен курсанттардың латын әріптерін қолдана отырып, академияда күнделікті қолданыста болатын сөздерге байланысты латын әліпбиін ойлап шығарды. Аталған латын әліпбиі «Елімді қорғаймын, болашақты қолдаймын, жаңашылдықтан қорықпаймын!» атты ұранмен ұштасты.


Кураторлық сағатта өткізілген дөңгелек үстелдің соңында, дамыған отыз елдің қатарына ену үшін заманауи талаптарға сай болумен қатар қазіргі жаһандану процесінде «жұтылып кетпей», ұлт ретінде сақталып қалуымыз үшін, Елбасы осы Жолдауында атап көрсеткендей, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болудың» барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, әлем елдерінің тәжірибесін сараптай отырып, өзімізге тиімді тәсілдерін қолдануға барымызды салуымыз қажет. Еліміз биіктен көрініп, болашағымыз жарқын болсын!!!

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева