«Ешкімде ұмытылмайды, Еш нәрсе ұмыт қалмайды»

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 73 жыл толады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіске жету жолында ержүрек аталарымыздың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы бүгінгі жас буын жас ұрпаққа үлгі, өнеге болуы тиіс.       Қазіргі заманда әр шаңыраққа бейбітшілік сыйлаған ардақты ардагерлерімізді құрметтеу және оларға қамқор болу бүгінгі жас ұрпақтың борышы. Осы орайда 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың қолдауымен Күндізгі оқыту факультетінің 310,210,110 оқу топтарының курсанттары топ кураторлары полиция аға лейтенантты Қ.Мырзахмет, полиция майоры С.Сыздықов, полиция майоры А.Тимошенко және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р.Аужанов және тәрбие бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Қостанай қаласының Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлерімізді Ұлы Жеңіс қарсаңында құттықтау мақсатында «Ешкімде ұмытылмайды, Еш нәрсе ұмыт қалмайды» атты акция ұйымдастырылып, ардақты ардагерлерімізді құттықтады және «Тазалық-саулық негізі» демекші курсанттар ардагерлердің ауласын көктемгі қар мен қоқыстан тазалауға көмектесті. Акция барысында Ұлы Отан соғысына қатысушы 21 ардагерге пәтерін және ауласын тазалауға көмек көрсететін болады.                                                                                              Ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің мерекелі күнімен құттықтау акциясы 2018 жылдың 21 сәуір және 9 мамыр аралығында дейін өтеді. Шын мәнінде «Ер есімі – ел есінде» — демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. 9 Мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – осы күнді мәңгілік есте сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.






Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты Қ.Мырзахмет