Болашақ курсанттар бізде қонақта

Мамандық таңдау, адам өміріндегі өте жауапты таңдаулардың бірі. Себебі кез келген адамның болашағы таңдаған мамандығымен тікелей байланысты. Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушылардың арманы. Осыған орай 2018 жылдың 25 сәуірі күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында тәрбие жұмысы бөлімімен ІІО ӘЖҰ кафедрасы бірлесіп қызмет атқару нәтижесінде Қостанай қаласындағы №10 орта мектеп оқушылары үшін Академия қабырғасында кәсіптік-бағдар беру жұмысын ұйымдастырды.

Іс-шара мектеп оқушыларына аталмыш оқу орынға есімі берілген ұлы тұлға Шырақбек Қабылбаевтың үлгі болар өмірімен танысудан басталды. Эстетикалық тәрбие орталығында домбырашылар ансамбілі, үрмелі аспаптар оркестрын дайындық  барысында көрген қонақтар курсанттардың өнеріне таңдана қарасты. Сонымен бірге мұражайда, спорт кешенінде болып оқу орнының тарихымен, қоғамдық өмірімен толығымен танысты. Тәрбие жұмысы бөлімімен ұйымдастырылған экскурсиядан кейін  №1 оқу залында оқушыларға ӘЖҰ кафедрасының бастығы полиция полковнигі Тулкинбаев Н.А оқуға түсу ережелерін түсіндіріп өтті. Біраз оқушылар қызығушылық танытып өзінің көкейтесті сұрақтарын қойды. Жалпы, кәсіптік-бағдар беру шарасына 20 оқушы қатысты. Іс-шара қонақтармен естелік суретке түсумен қорытындыланды.



                                               Тәрбие бөлімінің инспекторы

                                               полиция аға лейтенанты

                                               Е.Кишкентаев