Академия аумағын көгалдандыру

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академия аумағын көгалдандыру іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты табиғатты қорғап, қоршаған ортамызды көркейтуге бағытталған. Табиғатты аялап қорғау, қоршаған ортамызды көркейтіп, болашақ ұрпаққа сақтау әр Қазақстандықтын міндеті десек те болады.


Осы бір науқандық іс-шараға Қостанай академиясының 3 курс старшинасы полиция старшинасы Азамат Серкжанұлы Альменов және 305 топ кураторы полиция капитаны Владимир Игоровичпен Пьянников, 304 топ кураторы полиция аға лейтенанты Мадина Мұқашқызы Уразбаева мен 303 топ кураторы полиция майоры Жанар Даулетбайқызы Базарбаева үлесін қосты. Бұл жасылдандыруға бағытталған іс-шара дәстүрге айналғандай, жыл сайын өткізіліп отырады және де курсанттарға Академия аумағын көркейтіп, тарихында өз іздерін қалдыруға мүмкіндік береді. Өздері еккен шыршаларына белгі қойып , оның күтіміне үнемі атсалысып тұратындары да аз емес. Жасыратыны жоқ, көпшілікін отырғызған жасыл шыршалары Академияның құлпыруына көрік бегендей әсер қалдырады.


Сонымен қатар, ағаш иісінің түрлі микроб пен вирусты жоятын қасиеті бар. Сол себепті көбіне тубсанаторийлер осы ағаштар өсетін аймақтарға салынады. Тағы бір басты себеп – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасына үндестік танытып, өзіміздің білім алып отырған академияны және курсанттардың тұрып жатқан  жатақханасын жасылдандырып көркейтуге шақыру.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция катарындағы Советов Б.Е