Жемқорлыққа қарсы бағыттау – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі жолы (тренинг)

2018 жылғы сәуірдің 2 мен 7 аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен «Жемқорлыққа қарсы бағыттау табиғатының психологиялық ерекшеліктері» атты тренингтер өтті.

Пән оқытушысы қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Суйеубаева Замзагүл Мырзалықызы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Тұрсынбаева Назгүл Жаңбыршықызымен біріге отырып, курсанттар арасында жемқорлыққа қарсы бағыттау бойынша психологиялық әдіс-тәсілдер жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру салдарларын жою болып табылады.

Осы мақсатта курсанттар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа көзқарастарын білдірді, өткен сабақтардан сұрақ-жауап, сонымен қатар сөзжұмбақтар әзірлеп, пікірталастар жүргізді.









Кафедра аға оқытушысы

полиция майоры З. Суйеубаева