Курсанттармен өткізілген жексенбілік демалыс!

Үрей – қорқыныш сезімін тудыратын жалған немесе шындық қауіптерден жаппай қорқу, үрейлену. Адамзат баласы бойындағы үрей мен қорқыныш сезімдері тұлғааралық қарым-қатынастарының психологиялық қасиеті ретінде адамның өзіндік «Меніне» әртүрлі жағдайларда қауіп төнуі мүмкін деп қабылдап, осы жағдайларда уайымдау сезімдерін басынан кешіреді.

Қорқыныш адамды әлжуаз, дәрменсіз һәм қорғансыз етеді. Санасын үрей мен қорқыныш, күмән мен күдік билеген адам ешқашан мақсатына жете алмайтыны баршамызға мәлім. Осыған байланысты бойымыздағы үрейді жеңу мақсатында қаламыздағы үрей бөлмесіне барып тамашалауды жөн көрдік.

Осы мақсатта сәуірдің 15-сі күні 211-212 оқу топтарының курсанттарымен Қостанай қаласында QUEST тозақ подвалына және Қостанай кинотеатрына топпен шығу жұмысы ұйымдастырылды.

Курсанттар үрей бөлмесінде арнайы тапсырмаларды орындау барысында ерекше көріністердің куәгері болып, бойларын қысқан қорқыныштары мен үрейлері және олармен қалай күресе білгендіктері туралы шыққан соң қызу талқыладық.

211-212 оқу тобының кураторы

полиция подполковнигі Б. Абдыкалыков